|
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі 1997 ж. «16» сәуір заңды тұлғаға мемлекеттік қайта тіркеу ЖҮРГІЗІЛДІ №2471-1900-ББ куәлік Алғашқы тіркелген күні 1992 ж. «2» қараша 2005 жылғы 28 қыркүйекте Қазақтардың ІІІ Дүниежүзілік Құрылтайында бекітілген Астана қаласы "ДҮНИЕЖҮЗІ ҚАЗАҚТАРЫНЫҢ ҚАУЫМДАСТЫҒЫ" республикалық қоғамдық бірлестігінің ЖАРҒЫСЫ Алматы қаласы, 2006 ж.
1 бап. Жалпы ереже
1.1 Дүниежүзі қазақтарының Қауымдастығы, бұдан әрі мәтінде «Қауымдастық» деп аталады, Қазақстан Республикасының Конституциясы мен «Қоғамдық бірлестіктер туралы» Заңына сәйкес құрылып жұмыс істейтін коммерциялық емес, үкіметтік емес қоғамдық бірлестік және «Дүниежүзі қазақтарының Қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің (2.11.1992 жылғы №0269 куәлігі) барлық құқықтық қатынастар бойынша құқықтық мұрагері болып табылады. Қауымдастық әлем қазақтарын еріктілік, оның мүшелерінің тең құқықтығы, өзін-өзін басқаруы, заңдылығы, жариялылығы және есеп беруі негізінде біріктіреді. Ол азаматтардың әлеуметтік жағдайына, азаматтығына, діни наным-сеніміне, кәсібіне, саяси партияларға мүшелігіне қарамастан еркін ниеті мүдделер ортақтығы негізінде пайда болған, ол саяси мақсаттарды көздемейді, қазақ диаспорасы тұратын мемлекеттердің ішкі істеріне араласуға және мемлекетаралық, жер және шекара проблемаларын шешу ісіне араласуға жол бермейді. 1.2 Толық атауы: «Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы республикалық қоғамдық бірлестігі». 1.3 Мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, 050002, Алматы қаласы, Ш.Уәлиханов көшесі, 43А үй. 1.4 Қауымдастық Қазақстан Республикасының заңдарын, Жалпыға бірдей адам құқықтары декларациясын, азаматтардың құқықтары мен бостандығын реттейтін басқа да халықаралық актілерді, сондай-ақ осы Жарғыны басшылыққа алады. Қауымдастық Қазақстан Республикасының және шетелдік мемлекеттердің мемлекеттік органдарымен, қоғамдық, ғылыми мекемелерімен, кәсіпорындардың еңбек ұжымдарымен, жекелеген азаматтармен тікелей ынтымақтастық жасайды.
Қауымдастық өзінің мүшелері өмір сүретін мемлекеттердің халықтық дәстүрлерін, діни конфессиялары мен заңдарын құрметтейді.
Қауымдастық Қазақстан Республикасы мен қазақ диаспорасы өмір сүріп жатқан мемлекеттер арасында өзара байланыстарды, достық пен өзара қарым-қатынастарды нығайтуға үлес қосады.
Төралқа төрағасының бірінші орынбасары ________________________________ Т. МАМАШЕВ
|