| 27.07.2010 16:38 |
|
Үстіміздегі жылдың 26 шілдесі күні Үкімет үйінде Премьер-Министр Кәрім Мәсімовтың төрағалығымен Мәдениет министрлігі әзірлеген Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының жобасын талқылауға арналған кеңес өтті. Оған Парламент депутаттары, Үкімет мүшелері, үкіметтік емес ұйымдардың, этно-мәдени бірлестіктердің басшылары, белгілі ғалымдар мен тіл жанашырлары қатысты. Тіл саясатына байланысты 30 елдің озық тәжірибесі зерделеніп, әзірленген жобаға қатысты негізгі баяндаманы Мәдениет министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед жасады |