| 18.06.2010 12:53 |
|
18 маусым күні Астана қаласының Парламент Сенатының отырыс залында «Қазақстан Республикасында көші-қон процестері және көші-қон саласындағы заңнаманы жетілдіру перспективалары» атты тақырыпта ғылыми практикалық конференция өтті. Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, мемлекеттік органдар басшылары, «Нұр Отан» ХДП-ның, халықаралық, қоғамдық және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ көші-қон саласындағы ғалымдар мен сарапшылар қатысты
Конференцияны Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы Бижанов Ақан Құсайынұлы ашты. Құттықтау сөзді Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Тоқаев Қасым-Жомарт Кемелұлы сөйледі. Және аталған конференцияға Дүниежүзі қазақтар қауымдастығының төралқа төрағасының орынбасары Сұлтанәлі Балғабаев қатысып «Оралмандардың тарихи отанына оралуының кейбір мәселелері туралы» атты тақырыпта сөз сөйледі. Конференцияға қатысушылар: Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне көші-қон саласындағы үйлестіруші ролді бекіте отырып, мемлекеттік органдардың өзара нақты іс-қимылын көздейтін заңнамалық шаралар қабылдауды, ішкі көші-қон саласында елдің экономикалық тұрғыдан перспективасы жоқ және экологиялық қолайсыз өңірлерде тұратын азаматтарды әлеуметтік жағынан қолдаудың қосымша шараларын, сондай-ақ, ауылдық аудандар мен қалалық жерлерде еңбек нарығы балансы негізінде халықтың экономикалық жағынан белсенді топтарын қайта бөлуді ынталандыру шараларын, сондай-ақ, ауылда өмір сүрудің неғұрлым сапалы жағдайын жасауды көздеуді, сыртқы көші-қон саласында заңнамаға еңбек мигранттары Қазақстан аумағында еңбек нарығының және жалдаушы ұйымдар мен жеке тұлғалар тарапынан кепілдік беріле отырып, оның ішінде шетелдік жұмысшыларды ұлттық кадрлармен алмастыру бойынша даярлау және олардың орындарын алмастыру жөніндегі қатаң талаптарына сәйкес жіберілуі бойынша өзгерістер енгізуге бастамашылық жасауды, жұмыс орындарына сұраныс пен ұсыныстар туралы мәліметтерді қалыптастыратын, жеке жұмыспен қамту агенттіктерімен өзара іс-қимылды күшейтуді, нәтижесінде келешекте олардың қорытындысы шетелдік жұмыс күшін жергілікті кадрлармен ауыстыру мақсатында қазақстандық азаматтардың біліктілігін арттыруды көздей отырып, ауылдық жастар мен жұмыссыздар қатарынан жұмысшылар кадрларын кәсіби оқыту мен қайта даярлау тетіктерін әзірлеуді және енгізуді, біздің елде тұрақты түрде жұмыс істей алатын жоғары білікті және кәсіби жұмысшыларды Қазақстанға тарту тетіктерін жетілдіруді, ішкі және сыртқы көші-қонды реттеуді,»Нұрлы көш» бағдарламасын іске асыруды жандандыруды ҰСЫНДЫ |