Сайт бойынша іздеу

Жаңалықтар Жаңалықтар Дүниежүзі қазақтарының Құрылтайы қарсаңында

17.06.2010 17:29

16 маусымда, Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы төрағасының бірінші орынбасары Т.А. Мамашев пен Ресей қазақтарының ФҰМА Президенті Тоқтарбай Дүсенбаев таңғы рейспен Москваның Домодедово әуежайына келіп қонды. Шамамен біржарым сағаттан соң Талғат Асылұлы Алматыға, ал Тоқтарбай Қадырғалиұлы – Самараға ұшып кетті

Олардың Москва қаласында болған біржарым сағаттық кезеңдерін «Мұрагер» және «Қазақ тілі» қоғамдарының белсенді басшылары Ерназар Нұриев пен Әбуислам Тұрсынбаев және басқа да белсенділері ұтымды пайдаланды деуге болады.

Олар осы уақыт ішінде алдағы күзде өтетін Дүниежүзі қазақтарының ІV Құрылтайы шеңберінде ұйымдастырылатын көркем өнер шығармашылығы, қолданбалы өнер, графика, мүсін көрмелері мен ақындар мүшайрасында ресей–қазақ делегациясының қатысуына байланысты мәселелер талқыланды, сондай-ақ жасөспірімдер арасында ресей футбол командасын қалыптастыруға қатысты мәселе шешілді.

Талғат Мамашев пен Тоқтарбай Дүсенбаев бір апта бойына алдағы Дүниежүзі қазақтарының Құрылтайының міндеттерін ресейлік қандастарымызға түсіндіру мақсатында Ресей аймақтарында іссапар жүргізді. «Осы жылы болатын Құрылтайдың деңгейі жоғары, өйткені ол ең алдымен жаңа астанамыз Астана қаласында өтетіндігімен маңызды болса, екінші жағынан ол шараға Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуы мен сөз сөйлеуімен де ерекше болмақ. Бұл Құрылтайда мәдениет пен тілдің дамуының көптеген маңызды мәселелері, әлемнің түкпір-түкпіріндегі барлық қазақ мәдени орталықтарымен бірлесіп қызмет етудің тиімді жаңа мүмкіндіктері, өзіндік дамудың қосалқы мүмкін ықпалдарының белгілеуді талқылау жоспарланып отыр» – деді Талғат Асылұлы.

Сондай-ақ, ол «қазақ мәдени орталықтарының өзара қатынасындағы тартымды өзгерістерді, атап айтқанда, қазақ қоғамдық бірлестіктерінің басшыларымен өткен кездесулерде көтерілген көптеген мәселелер бойынша жүйелі сұхбат өткізіліп, нақты ұсыныстар мен нәтижелер айтылды» деді.Сондай-ақ, жуық арада  нақты нәтижелердің болатындығын айтып кетті. Құрылтайда ДҚҚ өзінің ауқымды бағдарламсын ұсынады. Оның мақсаты – халықтың рухани және адамгершілік құндылықтарын насихаттау, бәйгелер мен жарыстарда жас дарындаржың жаңа легін шығаруды және оларды Қазақстанға таныстыру, жастардың тарихи отандарына қоныс аударуының түйінді мақсаттарын айқындау. Кеңесте 2010-2011 жылдарға арналған «Нұрлы көш» бағдарламасына этникалық қазақтардың қатысуы мен олардың қоныс аудару жағдайы түсіндіріледі.

Екі жақтың да  кейбір қайраткерлердің, өздерін Құрылтайға қатысатын федералдық делегация тізімінің құрамына енгізуі туралы жағымсыз әрекеттерінен туындаған тәртіптеріне байланысты ескертпелері айтылды. Тоқтарбай Дүсенбаев, ұйым өкілдері өздерінің атақ-дәрежесіне немесе басқа да факторларға қарай емес, делегация тізіміне жекелеген белсенділіктеріне қарай енгізілетіні жайында айтып кетті. Барлығы да осы пікірге тоқталып, делегация тізімін құрастыру жауапкершілігі мәселесі Т. Дүсенбаевқа жүктелді, ал ДҚҚ – ға келіп түсетін тізімге байланысты арыз, өтініштер, телефон қоңыраулары қабылданбайды. Сондай-ақ Ресей қазақтары ФҰМА атқару комитетінің қоғамдық ұйым басшылары арасынан делегаттарды іріктеу критерийін дайындағанын, сондықтан да үміткерлердің өз жұмыстарын туған тілі мен мәдениетіне түлетуге байланысты өз қоғамдарында жүргізген жұмыстары арқылы дәлелдеу керектігін атап айтты

 
Пікірлер
Біздің сайтқа қандай баға бересіз?
Ауа райы
АСТАНА АЛМАТЫ
-22 -17