Сайт бойынша іздеу

Жаңалықтар Жаңалықтар Құрылтай қарсаңында

13.05.2010 17:45

Ресей қазақтары Дүниежүзі қазақтарының IV Құрылтайы қарсаңында

2010 жылдың 14 мен 16 мамыры аралығында Челябі қаласында Ресейдің 26 аймағындағы 35 қазақ қоғамдық ұйымдарының кеңесі өтеді. Оған сондай-ақ кеден, экономикалық даму, мәдениет, білім министрлігінің, сонымен қатар Челябінің жоғары оқу орындары мен БАҚ өкілдері шақырылды. Қазақстан тарапынан Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы атынан Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің профессоры Гүлғазира Балтабаева мен Қостанай облыстық әкімдігінің өкілдері қатысады.

Кеңесте РФ үкіметінің аймақтық органдары мен қазақ қоғамдық ұйымдарының іскерлік қарым-қатынасының жағдайы мен келешектегі дамуы, Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасының мәдениет, білім және бизнес саласындағы шекаралық қарым-қатынастары бағдарламасына олардың тәжірибелік қатысуы қарастырылады.

Үстіміздегі жылы Астана қаласында өтетін Дүниежүзі қазақтарының IV Құрылтайына дайындыққа байланысты, Ресей қазақтарының Федералдық ұлттық-мәдени автономиясы қоғамдық ұйымдар басшылары арасынан кеңеске қатысатын делегаттарды іріктеудің критерийін дайындады. Делегат болуға үміткерлер іс жүзінде жүргізген жұмыстары мен әрекеттері негізінде, өздерінің қазақ қоғамдастығы ортасында туған тілі мен мәдениетін қайта өрлетуге қатысты жекелеген үлестерін көрсетуі керек. Сондай-ақ, кеңесте жасөспірімдер арасында ресейлік футбол командасын қалыптастыру, көркем шығармашылық, қолданбалы өнер, графика, мүсін көрмелері мен ақын-жыршылардың бәйгесіне қазақ жастарының қатысуы мәселелері қаралады.

Жас дарындарды анықтау, Қазақстанда олардың шығармаларын, халықтың рухани және адамгершілік құндылықтарын насихаттау, өскелең ұрпақтың өздерінің тарихи отандарына қоныс аудару тілектерін нақтылау – Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы дайындаған ауқымды бағдарлама осы сияқты мақсаттарды көздейді. ДҚҚ өкілі кеңеске қатысушыларға этникалық қазақтардың 2010-2011 жылдарға арналған «Нұрлы көш» бағдарламасына қатысу және қоныс аудару жағдайын түсіндіреді.

2010 жылдың 16 мамырында кеңес шеңберінде «Қазақ мәдениетінің күндері» атты Челябі облысының Фестивалі өткізіледі.

Бүкілресейлік кеңестің ұйымдастырушылары Ресей қазақтарының Федералдық ұлттық-мәдени автономиясы (Самара), Челябілік «Азамат» қазақ қалалық қоғамдық ұйымы, «Берекет» қалалық ұлттық-мәдени автономиясы, Қорған облысы қазақтарының аймақтық ұлттық-мәдени автономиясы болып табылады

 
Пікірлер
Біздің сайтқа қандай баға бересіз?
Ауа райы
АСТАНА АЛМАТЫ
-22 -17