| 15.04.2010 17:32 |
|
Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығында 2010 жылғы 15 сәуір күні "Дүниежүзі қазақтарының IV құрылтайына дайындық" атты халықаралық дөңгелек үстел өтті Дөңгелек үстелге Талғат Мамашев, Хабсатар Омар (Монғолия), Абдулқаюм Кесижи (Еуропа), Тоқтарбай Дүсенбаев (Ресей-Самара), Қапу Насыров (Ресей-Астрахань), Марат Үкібаев (Өзбекстан), Жарас Адайбаев (Қарақалпақстан), Бауыржан Ермекбаев (Қырғыз), Мұстафа Зенгин (Түркия), Мұрат Түсіпбаев (Астана), Гүлғазира Балтабаева (Алматы), Ботагөз Уатқан (Алматы) және "Алтын бесік" журналы мен "Туған тіл" альманахының тілшілері Жанар Мұқашева, Тұрсынбек Кешубай, фототілші Самат Құсайынов қатысты. Талғат Мамашев Құрылтайдың дайындығын егжей-тегжейлі түсіндіріп, барлығына аталмыш Құрылтайға байланысты құжаттарды бере отырып, түсініктеме жасады. Жоғарыда қатынасқан шетелден келген қазақ мәдени орталықтарының жетекшілері Құрылтайдың дайындық жұмысына белсене ат салысуға өздеріне міндеттеме алды. Құрылтайға дайындық қызу жүріліп жатыр. Өз ұсыныс пікірлеріңіз болса Қауымдастықтың ұйымдастыру бөліміне хабарласуларыңызға болады |