Сайт бойынша іздеу

Жаңалықтар Жаңалықтар Құттықтау

05.04.2010 15:56

Өзбекстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының екі реткі лауреаты, КСРО     "Құрмет белгісі" орденінің иегері, КСРО Суретшілер одағының мүшесі А. Ә. БҰҚАРБАЕВҚА

Құрметті Абдулмәлік Әбдіқадырұлы!

Сізді  70 жасқа толған мерейтойыңызбен шын жүректен құттықтай отырып, зор денсаулық, шығармашылық табыстар тілеймін! Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастырған бірнеше көрмесіне қатысып, үлкен белсенділік танытқаныңыз үшін алғыс білдіремін               

Талантың тамсандырып тәмәм елді,

Уақытпен бірге бағың жана берді.

Әбеке, еңбегіңіз ерен болып,

Дарының тек ұлылық ала келді.                

Аймалаған адамдық тұнық нұры

Жетпіс жас сол еңбектің биік шыңы.

Өзіңді хан көтерер төбесіне

Көбейсін асыл аға, сүйікті іні.

Алтын қалам жүгіріп саусағыңда,

Талай қыз тәтті аға деп тамсануда.

Әбекең  жүзге дағы келер ертең,

Не тәйір сексенің мен тоқсаныңа!

 
Пікірлер
Біздің сайтқа қандай баға бересіз?
Ауа райы
АСТАНА АЛМАТЫ
20 16