Сайт бойынша іздеу

Жаңалықтар Жаңалықтар Мүшайра ережесі

25.03.2010 15:59

Дүниежүзі қазақтары IV Құрылтайы аясында өтетін «Жырым саған Атажұрт!» атты жыр мүшәйрасының ЕРЕЖЕСІ. Дүниежүзі қазақтары Қауымдастығы төртінші рет өткізіліп отырған Құрылтай аясында шетелдегі жас қазақ ақындарының арасында «Жырым саған Атажұрт!» атты жыр мүшәйрасын ұйымдастыратынын хабарлайды. Аталмыш мүшәйра 2010 жылдың маусым айында Астана қаласында өтеді

 Мүшәйраның мақсаты:

 - Шетелдегі жас қазақ ақындарының жырларын байқауға қатыстыру арқылы олардың ұлттық отаншылдық сезімін ұштап, Атажұртына деген махаббатын артыруға, мемлекеттік тілдің мәртебесін одан әрі көтеру, әлі таныла қоймаған ақындарды, әсіресе, жас дарындарды анықтау.

 - қазақ жастары арасында отансүйгіштікті кеңінен насихаттау, өскелең ұрпақтың өн бойына ұлттық рухты сіңіруге, тәуелсіздікті терең сезінуге және Қазақстанның мерейін арттыруға әсер ету.

 Мүшәйраның міндеті:

- Жас дарындарды анықтау, олардың шығармаларын тарихи Отаны – Қазақстан аумағында насихаттау;

- Поэзия арқылы шетелдегі жастарды атамекеніне көшіп келуіне түрткі болу.

Мүшәйраның шарты:

Мүшәйраға 30 жасқа дейінгі шетелдерде және Қазақстан Республикасында тұратын ақындар қатыса алады.

Автордың шығармасы ешбір жерде жарияланбаған болу керек.

Бір ақынға үш өлеңмен қатысуға болады.

Бірінші өлеңі – атамекен – Қазақстанның жетістіктерін жырлауды өзек етуі керек /міндетті/ ;

Екінші өлеңі – Елорда мен Елбасы туралы болуы шарт;

Үшінші өлең - еркін тақырыптағы өлең болуы қажет. 

Өлеңдер 2010 жылдың 30 сәуіріне дейін қабылданады. Жіберілетін өлең мәтінінің астына автордың толық аты-жөні, өмірбаяны, байланыс телефондары, тұрғылықты мекен-жайы көрсетілуі шарт.

Ұйымдастырушылар авторларға өздері көрсеткен байланыс телефондары арқылы хабарласатын болады. Арнайы әділқазылар алқасымен іріктелген жүлдегерлерді марапаттау рәсімі 2010 жылдың маусым айында Астана қаласында ұйымдастырылып жатқан Дүниежүзі қазақтары IV Құрылтайы аясында өтетін іс-шаралар шеңберінде өткізіледі.

Әділқазылар алқасының шешімімен жеңімпаздарға үш дәреже бойынша жүлде тағайындалады:

Бірінші жүлде – 1

Екінші жүлде –  1

Үшінші жүлде – 1

Ынталандыру сыйлығы – 3

Мүшәйра жеңімпаздары  лауреаттық  дипломдармен және  бағалы сыйлықтармен марапатталады.

Ақындар өлеңдерін «Мүшәрайға» деген атпен мына мекен жайға жібере алады: Алматы қаласы, Ш.Уәлиханов көшесі, 43 а
Байланыс тел: 273 90 25, ф 273 99 97

Өлеңдерді ғаламтор арқылы  келесі электрондық поштаға жіберуге болады:   Этот e-mail адрес защищен от спам-ботов, для его просмотра у Вас должен быть включен Javascript немесе Этот e-mail адрес защищен от спам-ботов, для его просмотра у Вас должен быть включен Javascript      

Қазылар алқасы

Мүшәйрадағы өлеңдерге баға беретін қазылар алқасының құрамы төрағадан, хатшыдан және 3-5 алқа мүшелерінен тұрады.

Қазылар алқасының құрамын Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы Төрағасының бірінші орынбасары бекітеді.

Қазылар алқасы ақындардың өлеңіне талдау жасайды және 10 балдық жүйемен бағалайды, жеңімпаздарды анықтайды және жүлделі орындарды бөледі.

Әділқазылар алқасының құрамы

Серік Тұрғынбекұлы – ақын, әділқазылар алқасының төрағасы; 

Сұлтанәлі Балғабаев – жазушы-драматург, Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы Төралқа Төрағасының орынбасары;   

Несіпбек Айтұлы – ақын, «Алтын тамыр» журналының бас редакторы;

Жаннат Әскербекқызы – ақын, «Отырар кітапханасының» қызметкері;  

Мұрат Шаймаран – ақын, Қазақ ұлттық университетінің қызметкері

   
 
Пікірлер
Біздің сайтқа қандай баға бересіз?
Ауа райы
АСТАНА АЛМАТЫ
20 16