|
25.03.2010 15:40 |
|
Дүниежүзі қазақтарының IV Құрылтайы аясында өтетін шетелдік және оралман қазақ жастарының кескіндеме, графика, мүсін, гобелен және сәндік қолданбалы өнер көрмесінің ЕРЕЖЕСІ
Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы 2010 жылдың маусым айында Астана қаласында өтетін Дүниежүзі қазақтарының IV Құрылтайы аясында шетелде тұратын және оралман қазақ жастарының шығармашылық көрмесін ұйымдастыруды ұйғарып отыр. Мақсаты: талантты шетелдегі қазақ жастарының бейнелеу өнері түрлерін меңгерудегі шығармашылық шеберлігіне баса назар аудару. Олардың отансүйгіштік, рухани ұлттық нақышта бейнеленген, сомдалған тың тақырыптағы шығармаларын насихаттау. Міндеті: бейнелеу өнері түрлері саласында шығармашылық шынайы туындыларын шыңдап жүрген шетелдегі қандас жастарымыздың еңбектерін көпшілікке таныту. Тақырыбы: «Әлем таныған Қазақстан» «Тәуелсіз Қазақстан таңы» «Дүниежүзі қазақтары бір шаңырақ астында» «Аспан әлемі және Қазақ ұлты» «Ел тұлғаларының бейнесі» «Жаңа ғасыр қаласы» «Олимпиада алауы Қазақстанда» «Құсбегілер көкжиегі» «Аламан бәйге - әлем аясында» «Жаһандану және Қазақстан» «Ұлт және Елбасы» Көрмеге қатысу шарттары: Суретшінің жас мөлшері 20-30 жас аралығында болуы тиіс; Автордың өмірбаяны, толық мекен-жайы және оқу орны, телефоны көрсетілуі керек; Кесіндеме шығарма көлемі 100*150 см-ден кем немесе аспауы тиіс (материалдары: майлы бояу, гуащь, акварель, кенеп, картон, ақ қағаз); Графикалық шығарма көлемі 40*90 см (материалы: офорт, линогравюра, гравюра); Мүсін шығарма көлемі 60*90*120 см (материалы: қола, ағаш, тас); Гобелен (кілем, ши, алаша, кесте) шығарма көлемі 80*150 см; Керамика, зергерлік бұйым, ағаштан, теріден жасалған бұйымдардың көркемдік деңгейі талапқа сай, тақырыпқа мейлінше лайық болуы тиіс; Әрбір автордың көркем шығармасы талапқа сай безендіріліп (багет), саны 3-5-тен аспауы керек. «Дүниежүзіндегі талантты қазақ жастарының шығармашылық көрмесі» атты фото-бейнелі каталог шығаруға және іріктеу сайысының өтетініне байланысты, әр автордың өмірбаяны, жеке өзінің және көркем шығармаларының сапалы фото-суреті (фото сапасы 3 мегабайттан кем болмауы) 2010 жылдың 20-шы мамыры мен 1-ші маусымы аралығында төменде көрсетілген адреске жеткізілуі керек. Жеңімпаздар ақшалай сыйлықтармен және арнайы дипломдармен мараппатталады. Мекен жайымыз: Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының Үйі Алматы қаласы, Ш.Уәлиханов көшесі, 43А индекс: 480002 немесе ғаламтор арқылы
Этот e-mail адрес защищен от спам-ботов, для его просмотра у Вас должен быть включен Javascript
,
Этот e-mail адрес защищен от спам-ботов, для его просмотра у Вас должен быть включен Javascript
электрондық адресі Байланыс тел: 273 90 95, ф. 273 99 97 |