| 15.01.2010 14:28 |
|
Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының «Атажұрт» баспа орталығы «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы төңірегінде көптеген жұмыстар атқарып келеді. 2000 жылдан бері қарай Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы шеттегі ағайындар және олардың тағдырына қатысты әр түрлі ғылыми-танымдық және әдеби кітаптар шығаруды қолға алған болатын. Тоғыз жылдың ішінде мемлекеттік тапсырыс бойынша «Атажұрт» баспасынан Қазақстанға белгісіз көптеген авторлардың туындылары жарық көрді. Өткен 2009 жылдың қорытындысы бойынша «Атажұрт» баспасынан мемлекеттік тапсырыспен шетелде өмір сүріп жатқан бірқатар қазақ қаламгерлерінің құнды еңбектері басып шығарылды. Атап айтқанда Қажығұмар Шабданұлының «Қылмыс» романы /6 томдығы/, Шәміс Құмарұлының «Көз жасы сарқылмайды» романы, Жұмаділ Маманның «Қара тұйғын» хиқаяттар жинағы, Жәмлиқа Шалұлының «Сүмбіле» атты әңгімелер жинағы, "Отаным –жаным, ана тілім – арым" атты халықаралық мүшәйрасына қатысқан ақындардың «Жасыл қанат нұрлы сөз» атты жыр жинағы және Қ.И.Қобландин мен Г.М. Меңдіқұлованың соавторлығымен жазылған «Өзбекстандағы қазақтардың тарихы және бүгінгі дамуы» атты ғылыми монографиясы. Жоғарыда аталған авторларды республика жұртшылығына кеңінен насихаттау үшін және оларды оқырмандар назарына іліктіру үшін Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы 2010 жылдың 15 қаңтарында сағат 11:00-де аталмыш кітаптардың тұсаукесер рәсімін өткізді. Бұл жиынға Алматы қаласы бойынша кітапханалар өкілдері мен ақпарат өкілдері қатысты |