Сайт бойынша іздеу

Жаңалықтар Жаңалықтар Оралман студент жастардың халықаралық өнер фестивалі өтті

14.12.2009 12:08

Үстіміздегі жылдың 14-ші желтоқсанында Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Тәуелсіздік күніне орай "Азат рухты Атамекен" атты оралман студент жастардың халықаралық өнер фестивалі Алматы қаласы, М. Әуезов атындағы академиялық қазақ драма театрында өтті. Аталмыш шараға Қазақстан Республикасы  Мәдениет және ақпарат министрлігінің Тіл комитеті қолдау көрсетті.

Биыл еліміз тәуелсіздік алғанына 18 жыл толып отыр. Егемендігіміздің алғашқы жылдарынан бастап, осы уақытқа дейін жақын және алыс шетелдерден мыңдаған қандас бауырларымыз атажұртқа оралды.

Бүгінгі таңда қазақ қоғамының дамуына өзіндік үлес қосып жүрген оралман ағайын еліміздің толыққанды мүшесіне айналды. Соңғы кездерде атажұртқа жас ұрпақты тартып, олардың Қазақ елінің болашақтағы жаңа, дербес қоғамын құруға шақыруға мемлекеттік деңгейде үлкен ден қойылып жатыр. 

Фестивальдің негізгі мақсаты - оралман жастарды қоғамдық жұмысқа тарту, олардың Қазақстан қоғамына тезірек бейімделуіне ықпал ету мен елге таныту, сондай-ақ еліміздің ұлттық мерекесі Тәуелсіздік күнін жастар арасында ұлықтау және мерекенің маңыздылығын арттыру болды.

Фестивальге алыс-жақын шетелдерде тұратын және Қазақстанның жоғарғы оқу орындарында білім алып жатқан оралман студенттер қатысты.

Шара келесідей номинация бойынша өтті: 1. Ақындар айтысы; 2. Терме орындау; 3. Сурет өнері; 4.Көркемсөз оқу.

Кештің соңы Қазақстан эстрада жұлдыздары мен шетелден келген өнерпаз жастардың концертіне ұласты.

 

 
Пікірлер
Біздің сайтқа қандай баға бересіз?
Ауа райы
АСТАНА АЛМАТЫ
11 19