Сайт бойынша іздеу

Жаңалықтар Жаңалықтар "Отаным – жаным, Ана тілім – арым" атты жыр мүшайрасы өтті

16.10.2009 11:47

2009 жылдың 16- қазанында Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Алматы қаласының Қазақ концерт залында «Отаным – жаным, Ана тілім – арым» атты халықаралық жыр мүшәйрасы  өтті. Жастардың отаншылдық, ұлтшылдық, ана тілді құрметтеу рухын одан ары көтеруді мақсат еткен бұл мүшәйраға Қытай, Моңғолия, Ресей, Өзбекстан елдерінен келген ақындармен бірге республика көлеміндегі жас ақындар қатысты.

Мүшәйрада Дүниежүзі қазақтары қауымдастығын ұзақ жыл басқарған көрнекті жазушы, қоғам қайраткері, марқұм Қалдарбек Найманбаевтың 70 жылдығына арналған өлеңдер де оқылды.Қазақстанның халық жазушысы, мемлекеттік сыйлықтың иегері Тұманбай Молдағалиев бастаған қазылар алқасының шешімімен жеңімпаздарға үш дәреже бойынша жүлде тағайындалды:Бірінші жүлде – 200.000 тенгеЕкінші жүлде – 150.000 тенгеҮшінші жүлде  – 100.000 тенгеЫнталандыру сыйлығы бесеу – 50.000 тенгеден.

Қазылар алқасының шешімі бойынша 1 орынды ҚХР-нан келген ақын -  Ерлан Нұрдықан,  2 орынды Астана - Бауыржан Қарағызұлы,  3 орын – Серік Боқан жеңіп алды.

Жүлдегерлерге арнайы сыйлықтармен бірге марапат дипломдары тапсырылды. Таңдаулы өлеңдер Қауымдастық тарапынан жарық көретін жастардың жыр жинағына кіргізіліп,  «Атажұрт» баспа орталығынан кітап болып шығады.Мүшәйраға орайластырып жастардың қолөнер, сурет көрмесі ашылды. Әрі Қытайдан арнайы келген Қажымұрат Шешенқұл, Еркінгүл Айдолқызы, Шаба Әденқұлқызы секілді өнерпаз жастар ән-күй концертін өткізді.

 
Пікірлер
Біздің сайтқа қандай баға бересіз?
Ауа райы
АСТАНА АЛМАТЫ
-6 8