| 24.07.2009 20:04 |
|
24 шілде күні Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы үйінде «Қытайдағы қазақтардың бүгінгі жағдайы мен болашағы» тақырыбында зиялы қауым және бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен кездесу өтті.
Кездесуге Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы Төралқа төрағасының бірінші орынбасары Талғат Мамашев, Қазақстанның халық жазушысы Қабдеш Жұмаділов, ақын Керім Елемесұлы, жазушы Дәулетбек Байтұрсын, әнші-сазгер Ермұрат Зейіпхан бастаған қаламгерлер қауымы мен БАҚ өкілдері қатысты. Басқосуда қытайдағы қазақтардың тағдырына байланысты алаңдаушылық білдіретін ойлары мен ұсыныс-пікірлерін ортаға салды. |