| 07.02.2012 19:55 |
|
2012 жылдың қыркүйек айында Қазақстан Республикасы Президентінің бастамасымен Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының құрылғанына 20 жыл толады. 1992 жылдан бері Дүниежүзі қазақтарының I, II, III және IV Құрылтайларында оның үздіксіз Төрағасы болып Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланып келеді.
Ұлт басшысының ішкі және сыртқы саясатын, Қазақстан және шет елдердегі қазақтардың этникалық біртұтастығының тәжірибесін танымалдандыру мақсатында біздер Дүниежүзі қазақтарының 20 жылдығына арналған «Шетелдегі қазақтар» кітабының дайындығы, шығарылымы мен кеңінен таныстыру беташарын жоспарлап отырмыз. Оның құрастырушылары қайсы бір елдегі болмасын халық санағының қорытындылары бойынша, олар болмаған жағдайда – ҚР елшіліктерінің, шетелдегі қазақ мәдени орталықтары деректерінің ресми статистикалық мәліметтеріне сүйенуді жөн көреді. Мақалада біздің диаспораның аумақтық орналасуы, оның қазіргі хал-жағдайы, қазақ мәдени орталықтарын құру тарихы қамтылады, оның негізін қалаушылар және бүгінгі басшыларының (белсенділерін) аты-жөндері аталады, сондай-ақ Қазақстанға репатриациялануы туралы ресми мәліметтер келтіріледі. Одан басқа, ҚР Президентінің саясаты аясында шетелдегі қазақ жастарына қатысты, диаспораның жастар қанатының қызметіне (құрылу уақыты, маңызды іс-шаралары) ерекше мән беру қажет. Мақалаға қосымша әр елдегі қазақ диаспорасының белгілі өкілдерінің өмірбаяны беріледі. Қауымдастық шетеледгі елшіліктер мен қазақ мәдени орталықтарымен тығыз серіктестікте жұмыс жасауға ниет білдіріп отыр. |