| 01.02.2012 17:54 |
| Қауымдастықтың 13 қаңтардағы № 7 хатында ҚХР-дағы қазақ диаспорасының елге келіп-кетуіне жеңілдіктер берілу үшін бір жылға көп мәрте виза беру ережесін енгізуді ұсынған еді. Осыған орай ҚР Сыртқы істер министрлігінің жауапты хатшысы Р.Жошыбаевтың 27 қаңтар күнгі №13-3/858 берген жауабында: «...қолданыстағы виза беру ережесіне сәйкес, ұлты қазақ шет ел азаматтарына олардың жазбаша өтініштері негізінде 3 мәртелік 90 тәулік мерзімге жеке сапар санатындағы ҚР визасы рәсімделеді. Сондай-ақ, ұлты қазақ шет ел азаматтары Қазақстан аумағына келгеннен кейін ҚР ІІМ-нің Көші-қон полициясы комитетіне тұрақты тұруға виза рәсімдеу туралы өтінішпен арыздана алады. ҚР тұрақты тұруға арналған визасы бір немесе екі мәрте келуге және кетуге 90 тәулікке дейінгі мерзімге беріледі. Оған қоса, шетелдіктің жеке жазбаша өтініші негізінде тұрақты тұруға арналған визаны 60 тәулікке дейінгі мерзімге ұзартуға болады. Сонымен қатар, ҚР-ның виза беру ережесінің жаңа жобасы әзірленіп, онда ұлты қазақ шет ел азаматтарына жеке сапар санатындағы визасын бір жыл мерзімге рәсімдеу мәселесі қарастырылған. Аталған ереженің жаңа жобасы ҚР-ның құзырлы органдарымен келісуге жолданғанын мәлімдейміз» делінген. |