Сайт бойынша іздеу

Жаңалықтар Жаңалықтар Минскден хат келді

25.01.2012 17:21

ҚР Елшілігі 2011 жылы Беларусьте тұрып жатқан қазақ диаспорасымен жұмыс жүргізуге үлкен мән береді.

Елшілік Беларусьте тұрып жатқан қазақ диаспорасымен жұмыс жүргізуге үлкен мән береді. Есеп беру кезеңінде отандастарымызды мазалайтын мәселелер бойынша Елшінің диаспора өкілдерімен тұрақты түрде кездесулері өтіп тұрды.

Осылайша 2011 жылғы 25 қарашада «Атамекен» қоғамдық бірлестігі ұйымдастырған есептік конфренцияға ҚР-дың БР-дағы Елшісі қатысты. Конференцияда жасалған және жасалу үстіндегі жұмыстар жөнінде баяндамалар оқылып, аталған ұйымның жаңа активі сайланды.

Қазақстандық диаспораның білім алу қажеттілігін қанағаттандыру мен ұлттық мәдениетіміз бен дәстүрлерімізді дамыту мақсатында Елшілік қазақ тілін оқыту курстарын ұйымдастыруды ұсынды. 

Өткен жылы Елшілік «Атамекен» ұйымымен бірлесе отыра, белорусстық Достық үйінде бірқатар имидждік іс-шаралар ұйымдастырды.

Олардың ішінде Қазақстанның мерекелік күндерін тойлауға (Астана күні, Наурыз және т.б.) арналған әдеби-сазды кештерді атап өтуге болады. Аталған іс-шараларға белорусстық қоғамның, шығармашылық интеллигенцияның өкілдері, белорусстық ЖОО-да білім алып жүрген қазақстадық студенттер, Минск қаласындағы М.Әуезов атындағы мектеп оқушылары, ақпарат өкілдері қатысты.

Бұдан бөлек, Жаңа жылдың қарсаңында Елшілік күшімен қазақстандық диаспораның жас өкілдері үшін «Жаңа жылдық шырша» мерекесі ұйымдастырылды.

 
Пікірлер
Біздің сайтқа қандай баға бересіз?
Ауа райы
АСТАНА АЛМАТЫ
-23 -8