Сайт бойынша іздеу

Жаңалықтар Жаңалықтар Халықтар Достығы Үйіне - 10 жыл

15.11.2011 20:34

Еділ бойы өте көп ұлттардың тығыз қоныстанған аймағы. Самара облысында бұрыннан жүзге тарта  ұлттар мен халықтар тұрып келген. Бұлар – орыстар мен татарлар, қазақтар мен башқұрттар, немістер мен поляктар, чуваштар мен армяндар, азербайжан мен сығандар, украйндар мен мордвалар. Осындай көп ұлттардың арасында, Самара аймағында  ұлтаралық  қақтығыстар болып көрмеген. Ұлтаралық  қақтығысқа жол бермей, солармен байланыста  жұмыс істеп отырған Самара облысы әкімшілігінің ұстанған саясаты деп білеміз.

Сондықтан Самара облысы Губернаторының  қолдауымен  2001 жылы Халықтар Достығы Үйі дүниеге келді. Халықтар Достығы Үйінде барлық  ұлттық-мәдени орталықтар бір - бірімен тығыз байланыста жұмыс істейді. Бірге фестивальдер, концерттер, ұлттық - мәдени шаралар, дөңгедек үстелдер өткізіп келе жатыр.

Соның  ішінде ең әдемі , тартымды болып көзге түсетін  облыстық  «Венок Дружбы» фестивалі. Творчестволық  коллективтер облыстың бүкіл сахналарында  ұлттық өнерлерін көрсетеді. Ұлттық тағамдар мен киімдердің көрмелерінде  бірге ұйымдастырады. Халықтар Достығы Үйі  тек қана мерекелерде емес , былайғы күндеріде жұмыстары басынан асып жатыр. Халықтар Достығы Үйі аясында ұлттық газеттердің  редакцияларыда жұмыс істейді. Қазақтардың «Ақ Жол», башқұрттардың  «Ырғыз», татарлардың  «Бердәмлек», тагысын тағы басылымдары. Мұнда ұлттық – ән, би, фольклорлық  коллективтері  дайындық жасайды. Өздерінің ана тілін меңгеругеде көп көңіл бөлінген.

Оқимын, тілімді үйренемін деп талаптанған кісіге қолдан келген көмектерін  береді. Тілімді, мәдениетімді үйренемін,  өлең айтамын, би үйренемін  деген жастарымыз көбейіп келеді. Олда бір қуантатын жай. Демек патриоттық сезімдері оянып келе жатыр деп ойлаймыз. Былтырдан бері Халықтар Достығы Үйін күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Достық үйінің әрбір бөлмелерінің есік-терезелерін жаңадан ауыстырды. Би залдарын, компьютер бөлмелерін айнадай қылып жарқыратып қойды.

Осы жөндеулерді  жасатып жатқан Самара облысы әкімшілігіне алғысымыз зор. Халықтар Достығы Үйінде көп ұлттардың арасында, өзіміздің «Ақ Жол» ұлттық-мәдени автаномиямыздың  орны ерекше. Мәдени автономия құрылған күннен бастап , өзге ұлттармен бірге , өзіміздің мәдениетімізді , тілімізді, дінімізді көркейтуге көп күш салып келе жатыр. Мәдени автономиямызда –би, ән, сән, домбыра үйірмелері  жұмыс істеп келеді.

Ұлттық  мәдени автономияның аясында ашылған жастардың «Қайрат» атты ұйымыда, үлкен буын өкілдерімен тізе қосып, бір кісідей жұмыс істеп көмектесіп жүр. Өзіміздің екі халықтық атағы бар  «Айгүл» би ансамблі және «Маржан» сән театрі, сонымен қатар «Ақ бұлақ»  әншілер тобы бар. Бұдан басқа өзіміздің төл мерекелеріміз – Наурыз мейрамы , Қазақстан егемендігі күні аталып, тойланып өтеді.Наурыз  мейрамы тек облыста  ғана емес федералдык көлемде екі жыл қатарынан тойланып жүр. Жастарымызға арналған «Қыз сыны», «Жігіт сұлтаны»  байқауларымызда бар. Спорт жағынан да қалыс қалып жатқан жоқ. 

Спорттың  футбол, волейбол, қазақша күресіміз дамудың үстінде. Жастарға сәттілік тілейміз әрқашанда. Міне осы Халықтар Достығы Үйінің ашылғанынада он жыл толып қалыпты. Өзіміздің редакция атынан құттықтау жолдағым келеді.

Құрметті бауырлар , қадірменді достар! Халықтар Достығы Үйінің  он жылдық мерей тойы құтты болсын! Біздер әр тілде сөйлесекте , бір-бірімізге бөтен емеспіз. Достығымыз нығая берсін! Аспанымыз ашық болсын!

Салауат Султанов

 
Пікірлер
Біздің сайтқа қандай баға бересіз?
Ауа райы
АСТАНА АЛМАТЫ
9 21