Сайт бойынша іздеу

Жаңалықтар Жаңалықтар кездесу өтті

14.11.2011 17:20

Қараша айының 14-і күні Қауымдастық үйінде Мамашев Талғат пен Мажарстандағы қыпшақтар қоғамының мүшелері әрі «Еуроазиялық бірлік үшін» қорының президенті  Dr.Иштван Венце,  қордың Төралқа мүшесі Пап Атилла, тілмаш Марат Уатқан және Қауымдастық қызметкері Ботагөз Уатқан қатысқан кездесу өтті. Кездесуде:

 

2009 жылғы «Алтын адамнан Атиллаға дейін» атты тарихи шабандоздар саяхатына Қауымдастық тарапынан көрсетілген қамқорлықтары үшін Талғат Асылұлына үлкен алғысын білдірде отырып, 2012 жылы «Будапешт-Астана» бағыты бойынша жоғарыдағы іс-шараны жалғастыруды, Елбасының туған күні атажұртқа жетуді жоспарлап отырғанын айтты. Сондай-ақ, ол өз сөзінде Румыния еліндегі Добруж татарларын  (ноғайларын) іздеуші ретінде алғашқылардың бірі болып отырсыз. Біз Добруж қаласын басып өтіп, ондағы қандастарымызбен кездескен уақытта әрдайым Сіздің сәлеміңізді жеткізетін боламыз, олармен байланыс жасауларыңызға уәде беремін, – дей отырып, ризашылығын білдірді  Dr.Иштван Венце.

Еліміз егемендік алған жылдары Қазақстанның Мажарстандағы Елшілігіне осы добруж татарларымен байланыс жасау жөніндегі М.Уатқанның  ұсынысы ешбір нәтижесіз қалғанын өкінішпен білдірді.

Өз кезегінде Асылұлы Талғат «Сіздердің жобаларыңызды қолдауға дайынбыз, маршруттарыңызды алдын ала, ертерек бергендеріңіз жөн және де Румынияда жүрген қандастарымызбен байланыс жасағымыз келеді. Норвегияның Осло қаласындағы ноғайлармен кездесу өткізгенімізде қоғам құрып бізге тіркеліңіздер деген пікір білдіргенмін. Олар әлі жайбарақаттық танытып жүр», – деді. Кездесу қызықты болды.

 
Пікірлер
Біздің сайтқа қандай баға бересіз?
Ауа райы
АСТАНА АЛМАТЫ
9 21