Сайт бойынша іздеу

Жаңалықтар Жаңалықтар Монғолияда қазақтарының құрылтайы өтті

27.06.2009 18:23

Маусым айының 27-і күні Улаанбатор қаласында Монғолия қазақтарының кіші құрылтайы өтті. Құрылтайдың салтанатты ашылу рәсімінде құрметті қонақ ретінде шақырылған Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы Төралқа төрағасының орынбасары Сұлтанәлі Балғабаев Елбасының құттықтауын оқып, аталмыш құрылтайға қатысушыларды шын жүректен құттықтады.

Сондай-ақ, бұл құрылтайға «Нұр Отан» ХДП Төрағасының бірінші орынбасары Дархан Кәлетаев та қатысып, құттықтады. 
Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының Астана қаласындағы бөлімшесінің бастығы Мұрат Түсіпбаев, "Caspionet" телеарнасы, "Егемен Қазақстан" газетінің тілшілері барды.

Құрылтай жұмысына қазақ зиялы қауымы, халықаралық мәдениет және өнер, бизнес, Қазақстан мен Моңғолияның БАҚ өкілдері қатысты. 
Шараны Қазақстан Елшілігі мен Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының Уланбатордағы Қазақ мәдени орталығы ұйымдастырды. Қақақстан Республикасының Монғолиядағы Елшісі Орман Нұртаев, ал Орталықтың бастығы Асай Рәміш.

 
Пікірлер
Біздің сайтқа қандай баға бересіз?
Ауа райы
АСТАНА АЛМАТЫ
-6 8