Сайт бойынша іздеу

Жаңалықтар Жаңалықтар Маусымның 24-25 күндері Астана қаласының "Redisson SAS Astana" қонақ үйінде "Әлеуметтік-еңбек және көші-қон салаларындағы өңірлік және мемлекетаралық ынтымақтастықты дамыту, тұрақтылық және қауіпсіздік мүддесінде нығайту" тақырыбында конференция өтті

24.06.2009 17:46

Маусымның 24-25 күндері Астана қаласының "Redisson SAS Astana" қонақ үйінде ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, Халықаралық еңбек ұйымы, Халықаралық көші-қон ұйымы және Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы Астанадағы ЕҚҰЫ орталығы бірлесе отырып "Әлеуметтік-еңбек және көші-қон салаларындағы өңірлік және мемлекетаралық ынтымақтастықты дамыту, тұрақтылық және қауіпсіздік мүддесінде нығайту" тақырыбында халықаралық конференция өткізді.

Конференцияға Ресей Федерациясынан Т.Дүсенбаев, М.Төлепов (Самара), Б.Нұғыман (Қосағаш), Б.Тілегенова (Астрахан), Өзбекстаннан Е.Т.Рүстемов, Ә.Қарсыбай, Монғолиядан О.Хабсатар, Ж.Қиналған Қырғызстаннан Б.Малдыбаев, Дүниежүзі қазақтары қауымдастығынан Т.Мамашев және Б.Уатқан қатынасып қайтты.

Аталмыш конференция 5 сессиядан тұрады. 
V сессияның тақырыбы: "Этникалық көші-қонды басқарудың өзекті мәселелері" деп аталады.

"Нұрлы көш" бағдарламасында алғашқы (сынақ-пилотный) жобасын егжей-тегжейлі түсіндіріп, қазақ диаспорасына ұсынуды Т.Мамашев өз мойнына ала отырып, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Г.Н.Әбдіхалықовадан сол жобаны беруді сұрады. Кешікпей біздің сайт арқылы таныс боласыздар!

Жоғарыдағы халықаралық конференцияны жоғары дәрежеде ұйымдастырып, басы-қасында өздері болып, әсіресе, қазақ диаспорасының көкейкесті мәселелеріне көңіл бөлген ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Г.Әбдіхалықова мен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жауапты хатшысы Т.Қ.Дүйсеноваларға ризашылығымызды білдіреміз.
 Осы отырыста Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы Төралқа төрағасының бірінші орынбасары Талғат Мамашев баяндама жасады. Төменде сол баяндаманы ұсынып отырмыз.

 
Пікірлер
Біздің сайтқа қандай баға бересіз?
Ауа райы
АСТАНА АЛМАТЫ
11 19