Сайт бойынша іздеу

Жаңалықтар Жаңалықтар Үстіміздегі маусым айының 25-ші жұлдызында "Шетелде тұратын отандастардың істері жөніндегі комиссия отырысы" болып өтті

25.06.2009 17:25

Үстіміздегі маусым айының 25-ші жұлдызында "Шетелде тұратын отандастардың істері жөніндегі комиссия отырысы" болып өтті. Аталмыш отырысты Мәдениет және ақпарат министрі Мұхтар Құл-Мухаммед басқарып, жүргізіп отырды. Комиссия отырысына Парламент депутаттары Ғарифолла Есім, Төлеген Мұхамеджанов, кейбір министрліктің өкілдері, Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы Төралқа төрағасының бірінші орынбасары Талғат Мамашев және Қауымдастықтың ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі Ботагөз Уатқан қатысты.

Шетелде тұратын отандастардың істері жөніндегі комиссия жұмысының 2009 жылға арналған жұмыс жоспарын бекіту, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 2 желтоқсанындағы № 1126 қаулысымен бекітілген 2009-2011 жылдарға арналған "Нұрлы көш" бағдарламасының жүзеге асырылуы, Ресей Федерациясының қазақ диаспорасы шоғырланған өңірлерінде орыс мектептері ішінен қазақ сыныптарын ашу, қазақ мектептерін қайта жаңғырту мәселелерін қолға алу, Ресейдегі қазақ жастарын Қазақстанның оқу орындарына тарту туралы айтылды.

Осы отырыста: 

1. Шетелде тұратын отандастардың істері жөніндегі комиссия жұмысының 2009 жылға арналған жұмыс жоспарын және Шетелде тұратын отандастарды қолдаудың 2009-2011 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Тіл комитетінің төрағасы Е.Ш.Шаймерденнің

2. ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 2 желтоқсандағы № 1126 қаулысымен бекітілген 2009-2011 жылдарға арналған "Нұрлы көш" бағдарламасының жүзеге асырылуы туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Көші-қон комитетінің төрағасы Х.Ә.Әбішевтің

3. Ресей Федерациясындағы қазақ диаспорасы шоғырланған өңірлерде орыс мектептері ішінен қазақ сыныптарын ашу, қазақ мектептерін қайта жаңғырту мәселелерін қолға алу, Ресейдегі қазақ жастарын Қазақстанның оқу орындарына тарту туралы ҚР Білім және ғылым министрлігінің Дамыту стратегиясы департаменті директорының орынбасары Н.Р.Аршабековтің баяндамалары тыңдалды.
Бұл комиссия отырысында келесі 2010 жылы Дүниежүзі қазақтарының IV Құрылтайын өткізу туралы да сөз болды.

 
Пікірлер
Біздің сайтқа қандай баға бересіз?
Ауа райы
АСТАНА АЛМАТЫ
11 19