Сайт бойынша іздеу

Жаңалықтар Жаңалықтар Тәуелсіздікке 20 жыл және Дүниежүзі қазақтарының ІV Құрылтайы

31.08.2010 12:54
Дүниежүзі қазақтарының ІҮ Құрылтайының дайындық жұмыстары соңғы сатысына жетті. Бірақ, белгілі себептермен оның өткізілу мерзімі өзгерістерге түсті. Елордамыз Астана қаласында биылғы жылы дүниежүзі елдерінің мемлекет басшылары, министрлік өкілдерінің қатысуымен түрлі халықаралық шаралар өтеді деп жоспарлануда. Біздің ел ЕҚЫҰ-ның Төрағасы ретінде осы шараны ұйымдастыруды өз міндетіне алып отыр.

2010 жылдың 1-2 желтоқсанында Астана қаласында мемлекет тарихында тұңғыш рет Орта Азия елдерінің басшыларының қатысуымен ЕҚЫҰ-ның Саммиті өтеді. Тіпті, өткен ғасырдың өзінде КСРО-да Мәскеу қауіпсіздік пен ынтымақтастық бойынша Еуропа мемлекеттерінің жиынын өткізу мерейіне ие болған жоқ. Сондықтан, бұл ірі халықаралық ұйымның Саммитінің Астанада өтуі – мемлекет үшін де, еліміздің әрбір азаматы үшін де биылғы жылғы басты оқиға болатыны сөзсіз. Осы жағдайларды ескере отырып, Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы Дүниежүзі қазақтарыны ІҮ Құрылтайын келесі жылы, Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орайластыруды ұйғарды. Біздің ойымызша шетелдегі қандастарымыз өз атамекендерінің ең ірі мерекесіне атсалысуға міндетті. 1992 жылы Алматы қаласында өткен Дүниежүзі қазақтарының І Құрылтайында еліміздің тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев шетелдегі қазақ диаспорасымен тығыз байланыс орнату, көші-қон саясатының негізінде оларды тарихи отынан шақыру осы Тәуелсіздігіміздің арқасында жүзеге асуда деген болатын. Сондықтан да Дүниежүзі қазақтарының ІҮ Құрылтайы Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл толу мерейтойына арналып, 2011 жылы ұйымдастылырғаны дұрыс деп есептейміз. Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының Дүниежүзі қазақтарының ІҮ Құрылтайының келесі жылы өтетін мерзімін анықтау туралы Өтінішін Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігіне жолдады. Қабылданған шешімді қосымша хабарлаймыз

 
Пікірлер
Біздің сайтқа қандай баға бересіз?
Ауа райы
АСТАНА АЛМАТЫ
-22 -17