| 26.08.2010 12:46 |
|
«Нұр Отан» ХДП-ның Парламентаризм институты ағымдағы жылдың 25-ші тамызы күні Астана қаласында «Оралмандар: қоныс аударуы мен бейімделу мәселелері» тақырыбына арналған дөңгелек үстел өткізді. Аталған шараға Дүниежүзі қазақтары қауымдастығынан Төралқа торағасының бірінші орынбасары Т. Мамашев қатысты. Бұл іс-шарада қазақтардың атажұртына оралуы мен олардың тарихи отанына бейімделуі, оралмандарға қолдау көрсету салаласындағы мемлекеттік саясатты жетілдіру, этникалық көші-қонды реттеу, оралмандырдың екінші қайтара көші-қон мәселелеріне қатысты Елбасының бастамасын іске асыру жолдарын қарастыру ұсынылды |