| 19.08.2010 17:14 |
|
Кеше Ақордада Мемлекеттік хатшы – Сыртқы істер министрі Қанат Саудабаевтың төрағалығымен Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның кезекті отырысы өтті. “Болашақ” бағдарламасы бойынша әлемнің алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындарында білім алуға үміткерлер арасында биыл дарынды балаларға арналған интеллектуалды мектептердің түлектері барын айрықша атап өткен төраға мұны жеткіншектерге сапалы білім беріп келе жатқан оқу ошақтарының үлкен жемісі деп бағалады |