Сайт бойынша іздеу

Жаңалықтар Жаңалықтар

07.02.2012 19:55
         2012 жылдың қыркүйек айында Қазақстан Республикасы Президентінің бастамасымен Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының құрылғанына 20 жыл толады. 1992 жылдан бері Дүниежүзі қазақтарының I, II, III және IV Құрылтайларында оның үздіксіз Төрағасы болып Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланып келеді.
Толықтау...
 
01.02.2012 17:54
Қауымдастықтың 13 қаңтардағы № 7 хатында ҚХР-дағы қазақ диаспорасының елге келіп-кетуіне жеңілдіктер берілу үшін бір жылға көп мәрте виза беру ережесін енгізуді ұсынған еді. Осыған орай ҚР Сыртқы істер министрлігінің жауапты хатшысы Р.Жошыбаевтың 27 қаңтар күнгі №13-3/858 берген жауабында: «...қолданыстағы виза беру ережесіне сәйкес, ұлты қазақ шет ел азаматтарына олардың жазбаша өтініштері негізінде 3 мәртелік 90 тәулік мерзімге жеке сапар санатындағы ҚР визасы рәсімделеді.
Толықтау...
 
01.02.2012 17:53

Германия еліндегі Мюнхень қазақ қоғамының басшысы болып  Ибрахим Ақтеңіз сайланды. Ибрахимді құттықтай отырып, жұмысына мол табыстар тілейміз!

 
01.02.2012 17:34

Шетелдегі қазақ диаспорасының өкілдері аталмыш Жолдаумен бұқаралық ақпарат құралдары арқылы таныс болуда. Қауымдастық қызметкерлері Жолдауды төте және латын жазуларына аударып, насихаттау жұмыстарын бастап кетті.

 
30.01.2012 17:57

ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссиясының шақыруымен «Хабар» телеарнасында Астана қаласында өткен «Ел дамуына қандастарымыздың қосқан үлесі» тақырыбындағы «Сонымен солай дейік...» хабарға қатысты. /Жүргізгендер: Рахат Жақсыбай, Олжас Сыдықбеков/., Қатысқандар: Алдан Смайыл, Тұрсын Жұртбай, Марат Тоқсанбаев, Ботагөз Уатқан, Гүлзира Бөкейхан, Бахаргүл Төлеген, Болат Шайзада.

 
26.01.2012 16:39

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы ұжымы Моңғолияда туған, белгілі ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор Бұқатұлы Базылханның қайтыс болуына байланысты марқұмның отбасына, туған туыстарына қатты қайғырып көңіл айтады. Марқұмның жатқан жері жаннат, иманы жолдас болсын.

 
25.01.2012 17:21

ҚР Елшілігі 2011 жылы Беларусьте тұрып жатқан қазақ диаспорасымен жұмыс жүргізуге үлкен мән береді.

Елшілік Беларусьте тұрып жатқан қазақ диаспорасымен жұмыс жүргізуге үлкен мән береді. Есеп беру кезеңінде отандастарымызды мазалайтын мәселелер бойынша Елшінің диаспора өкілдерімен тұрақты түрде кездесулері өтіп тұрды.

Толықтау...
 
25.01.2012 17:19

Қауымдастықтың 20 жылдығына орай «Шетелдегі қазақтар» атты кітап шығару мақсатында  жиын өткізілді.  Басқосуға қатысқандар: Т.Мамашев, С.Балғабаев, Б.Уатқан, Т.Нығарбайұлы, М.Шоқан, Б.Төлеген

 
25.01.2012 17:17

Қауымдастық жанындағы Өнер орталығының белсенді мүшесі, Республикалық жыр мүшайраларының жеңімпазы, ақын Ғалым Қалибек ұлы «Ақкербез»  атты жыр жинағы үшін «Алаш» халықаралық әдеби сыйлығына ие болды. Оның  бұдан бұрын «Шерлі домбыра», «Өмір-ай», «Тоқинақ» атты поэзиялық, прозалық және суретті кітаптары жарық көрген. Ғалымды құттықтай отырып, шығармашылық табыстарға жете беруіне тілектеспіз.

 
25.01.2012 17:15

Құттықтаймыз

Қауымдастықтың ғылыми орталығының жетекшісі болып тарих ғылымдарының докторы Бақыт Еженханұлы тағайындалды. Бақытты жаңа қоғамдық қызметімен құттықтаймыз!

 

 
24.01.2012 17:14

«Caspionet» телеарнасының «Атамекен» бағдарламасында Еуропа қазақтары туралы түсірілім ұйымдастырылды Онда Парижде өткен конференция туралы сөз болды. Жүргізген тілші Ерлан Біләл., қатысқандар: Ботагөз Уатқан, Тілдаш Битуова, Саттар Көсе, Фати Шанкая және студент жастар.

 
23.01.2012 17:32

Стамбул қаласындағы Қазақ Түрік қорының директоры А. Қылышқа Қауымдастықтың 20 жылдығына орай хат жолданды.

 
23.01.2012 17:30

Мамашев Талғат Асылұлы Шыңжандағы «Сен қазақ» сайтын құрушылардың бірі Ақытбек Шеризатұлын қабылдады

 
23.01.2012 17:27
Қауымдастықтың 19.12.11 № 419 хатына ҚР Білім және ғылым вице-министрі М.Сарыбековтен жауап хат келді. Онда «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығына үстіміздегі 22 шілде 5 тамыз аралығына орын бөлінетінін мәлімдеген. Осы бойынша Оразғалинова Күлмария ханыммен сөйлескенімізде барлығы 30 орын беретіндерін жеткізді.

 

 
20.01.2012 12:32

Мамашев Талғат Асылұлы Ресейдегі қазақ мәдени қоғамдары федерациясының төрағасы, Қауымдастықтың Төралқа мүшесі Дүсенбаев Тоқтарбай, Муширов Әмірхан (Самара), Төлебаев Әміржан (Орынбор) қатарлы делегацияны қабылдап, 2012 жылғы Қауымдастықтың жұмыс жоспары туралы әңгімелесті.

 
20.01.2012 12:31

Қауымдастықтың 20 жылдығы аясында Шыңжанда мәдениет күндер өткізу жөнінде  ҚХР Шыңжан үкіметінің орынбасар төрағасы Т. Әбдірашитұлына  хат жіберілді.

 
20.01.2012 12:26

Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы Қазақстан Республикасының Тәжікстан, Түркіменстан және Моңғолиядағы Елшіліктеріне сол елдердегі қазақ диаспорасына байланысты қолдау көрсету жөнінде хат жолдады.

 
19.01.2012 12:25

«Қазақстан Zaman» газетінің ұйымдастыруымен өткен «Жат  жұрттағы бауырлардың ата жұртқа көші неге тоқтап тұр» атты  дөңгелек үстелге Б.Уатқан қатысып қайтты.

 
19.01.2012 12:22

Т.Мамашевтің «Абыз ақсақал өтті дүниеден»  және Б.Уатқанның «Оралмандарды пұшайман еткен Көші-қон полициясының қырсыздығы хақында» атты мақалалары «Түркістан» газетінің 19 қаңтар күнгі № 3 (913) санында жарық көрді.

 

 
16.01.2012 10:19

Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы ұжымы алғашқы Құрылтайда Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының төралқа мүшесі болып сайланған, белгілі қоғам қайраткері, шетелдегі қазақтардың ақсақалы Дәлелхан Жанымханұлы Жаналтайдың қайтыс болуына байланысты марқұмның отбасына, туған туыстарына, Түркиядағы қазақтарға қатты қайғырып көңіл айтады. Қажының жатқан жері жаннат, иманы жолдас болсын.

 
16.01.2012 10:10

Аса ардақты абыз дүниеден өтті

Белгілі қоғам қайраткері, қазақ диаспорасының ақсақалы Дәлелхан Жаналтай 1922 жылы 15 маусымда Шыңжаң өлкесінің Алтай аймағында жарық дүние есігін ашқан. Кезінде Шыңжаң өлкесінің Қаржы министрі қызметін атқарған әкесі Жанымхан қажының жан-жақты қамқорлығы арқасында жастайынан мол білім алды. Ат жалын тартып мінетін жасқа жеткеннен кейін ол ұлттың мүддесін көздеген әрекеттерге батыл араласа бастады.  Заман ағысын тез аңдай білген білімдар жас билік басындағылар тарапынан жергілікті ұлттың қысымға тап болып отырғанын анық аңдады.

Толықтау...
 
09.01.2012 19:06
«Қазақ тілінің» тойы

Қазақстан елшілігінің қолдауымен Мәскеудегі Бейбітшілік және келісім федерациясы үйінің ғимаратында Ресей астанасындағы «Қазақ тілі» қоғамының құрылғанына 20 жыл толуына арналған мерекелік кеш болып өтті. Мәскеудегі «Қазақ тілі» қоғамының шежіресінде бойтұмардай болып қалған ерекше бір естелік бар, ол – Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Молодая гвардия» баспасынан шыққан «Без правых и левых» (қазақшасы – «Әділеттің ақ жолы») еңбегін таныстыру рәсімінде «Қазақ тілі» қоғамына зор табыс тілеймін!» деген қолтаңбасымен сыйлаған осы кітабы. Елбасымыздың тілегі қабыл болып, қоғамның қалыптасу сәті жүйелі даму жылдарына ұласты.
Толықтау...
 
09.01.2012 13:20

Егемен Қазақстан газеті

Бейсенбі, 5 қантар, 2012

http://www.egemen.kz/323926.html

«Қазақ тілінің» тойы

Қазақстан елшілігінің қолда­уы­мен Мәскеудегі Бейбітшілік және келісім федерациясы үйінің ғима­ратында Ресей астана­сын­да­ғы «Қа­зақ тілі» қоғамының құ­рылғанына 20 жыл толуына ар­налған мере­келік кеш болып өтті.

Толықтау...
 
29.12.2011 17:37

Құрметті барша қазақстандықтар және шетелдегі қазақ диаспоралары өкілдері! Сіздерді келе жатқан Жаңа жыл мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз. Жаңа жыл құт-берекелі жыл болсын, отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық тілейміз! Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы ұжымы.

 
29.12.2011 17:32

Құттықтау      

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұсынысымен төмендегі адамдар түрлі марапаттарға ие болды. Олар:

Толықтау...
 
28.12.2011 15:35

28.12.2011 ж Талғат Асылұлы Қырғызстандағы қазақ мәдени орталығының мүшесі, «Публичный портрет» журналының бас редакторы Бралкиева Үмітті қабылдады.

 
28.12.2011 14:46

26.12.11 күні Астана қаласында өткен  Қазақстан Халқы Ассамблеясы кеңесінің кеңейтілген отырысына Мамашев Талғат Асылұлы қатысып қайтты.

 
27.12.2011 11:09

Қазақстан Республикасының Үрімжі қаласындағы төлқұжат және виза жұмысы қызметінің жетекшісі Қайыржан Сәрсебаевтың шақыруымен Қауымдастықтың бөлім меңгерушісі Ботагөз Уатқан желтоқсанның 20-23 аралығында іс сапарда болып қайтты.

Толықтау...
 
21.12.2011 11:11

Еуропадағы қазақ диаспорасы жастарының конференциясы

 2011 жылдың 24-25 желтоқсанында Парижде «Еуропадағы қазақ диаспорасы жастарының сәйкестендірілуі мен шоғырлануы мәселелері» тақырыбында конференция өтеді.

Пленарлық отырыста «Еуропа қазақтары қауымдастығы Федерациясының жастар қанаты», «Қазақтардың тарихи отандарынан Батыс Еуропаға көш-қон тарихы және өзге ұлттық ортада қазақи сәйкестенуін қалыптастыру» атты баяндамалар тыңдалады.

Толықтау...
 
20.12.2011 11:18

15-16 желтоқсан күндері Астана қаласында өткен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған салтанатты жиналысқа шетелдегі қазақ диаспорасының өкілдері мен Қауымдастық қызметкерлері қатысып қайтты.Олар: Т.Мамашев, С.Балғабаев, Б.Уатқан, А.Тосын, Т.Дүсенбаев-РФ, А.Байдәулетов-РФ, Г.Акимова-РФ, М.Зенгин-Франция, И.Кесижи-Ұлыбритания, Е.Бөлекбаев-Қырғыз, С.Әбіл-ҚХР, Қ.Үсемхан-ҚХР,  Ү.Құрманбай-Моңғолия, Р.Жұртшыбаева, М.Түсіпбаев. Сондай-ақ, «Қазақстан» Орталық концерт залында  Қазақстанның өнер шеберлерінің концертін көрді. «Мәңгілік ел» Жасампаздық қақпасының  ашылу рәсіміне қатысып, «Тәуелсіздік – қазағымның арманы!» атты музыкалық дастанды «Астана–Арена» спорт кешенінде тамашалады. Салтанатты жиналысқа қатысушылар «ҚР Тәуелсіздігіне 20 жыл» медалімен марапатталды

 
12.12.2011 12:05

Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығына Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 20 жылдығымен құттықтаған құттықтаулар келіп түсуде. ҚХР елінен Сұлтан Жанболатов, Моңғолиядан Хабсатар Омарұлы мен Асай Рәміш, Түркиядан Дербіш Қылыш, Германиядан Абдулқаюм Кесижи, Франциядан Мехмет Зенгин, Өзбекстаннан Мекенбай Омаров, Алматы қаласындағы Абай атындағы Республикалық мектеп-интернат директоры М.Б.Ибраимов т.т.

Барлық құттықтаушыларға рахмет айтамыз. Тәуелсіздік баянды болсын!

 
09.12.2011 17:30

http://www.inform.kz/rus/article/2424764

08.12.2011 / 13:02

В Алматы презентованы книги, авторами которых являются этнические казахи

АЛМАТЫ. 8 декабря. КАЗИНФОРМ /Сара Мустафина/ - Сегодня в Алматы прошла презентация книг, авторами которых являются зарубежные этнические казахи. Организатор - Всемирная Ассоциация казахов (ВАК).

Толықтау...
 
07.12.2011 17:15

Иран азаматы, кәсіпкер Бехруз Чалақ пен Қытай елінің Іле педагогикалық университетінің оқытушысы Мантай Абжал  Мамашев Талғат Асылұлының қабылдауында  болып, еларалық мәдени байланыстарды ары-қарай жалғастыра беруді әңгімелесті. Оларға Қауымдастықтың биылғы жылғы шығарған кітаптары мен журналы тарту етілді.

 
07.12.2011 12:02

БАСПАСӨЗ БАЯНЫ

2011 жылдың 8 желтоқсанында сағат 11.00-де Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының Үйінде Байланыс және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитетінің «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару» бағдарламасы бойынша шетелдегі қазақ жазушыларының авторлығымен жарық көрген кітаптардың ресми тұсаукесері өтеді.

Толықтау...
 
05.12.2011 12:22

Белоруссия еліндегі халықаралық «Атамекен» қоғамдық бірлестігінің 5 жыл сайын өтетін есеп беру жиналысы Минск қаласында болып өтті. Аталмыш бірлестіктің төрайымы болып Есенбаева Ғалия Көздібайқызы сайланды. Бұл жиынға Қазақстан Республикасының Белоруссиядағы  елшілік қызметкерлері қатысып, құттықтады.

 
05.12.2011 11:53
Белоруссия еліндегі халықаралық «Атамекен» қоғамдық бірлестігінің 5 жыл сайын өтетін есеп беру жиналысы Минск қаласында болып өтті. Аталмыш бірлестіктің төрайымы болып Есенбаева Ғалия Көздібайқызы сайланды. Бұл жиынға Қазақстан Республикасының Белоруссиядағы елшілік қызметкерлері қатысып, құттықтады.
 
03.12.2011 12:19

Мамашев Талғат Моңғолия қазақтарынан шыққан алғашқы хирург, денсаулық сақтау ісінің үздігі, екі мәрте «Алтын жұлдыз» орденінің иегері Жарқынбайұлы Уатқан ақсақалды 80 жасқа толған мерейтойымен құттықтап, «Ас – адамның арқауы» атты кітабының тұсаукесеріне қатысты.

Толықтау...
 
23.11.2011 15:37

23 қараша күні Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының шақыруымен Моңғолия елінің Баян-Өлгий, Ресей елінің Қосағаш ауданынан келген Әбділұлы Қадысхан мен Самарханова Галина «Қазақстан» телеарнасының «Таңшолпан» бағдарламасына қатысты.

 
23.11.2011 15:30

23 қараша күні Калифорния, Вашингтон, Аляска және Сингапурден келген студент жастар Жесика Ю, Евгения Го, Елизавет Майез, Силя Кростардың өтініштері бойынша Мамашев Талғат Асылұлы қабылдады. Оларға Қауымдастық туралы толық мәлімет берілді. Сондай-ақ, бұл кездесуге Б.Уатқан, тілмаш Меруерт Сұраншиева және Назира Дәуітбекова қатысып ой бөлісті. Өз кезектерінде кездесуге келген студент жастар ризашылықтарын білдірді.

 
22.11.2011 23:37

Министерство образования и науки Республики Казахстан

 Г.Астана, ул. Орынбор 8                                              тел. 8(7172)742414

Дом Министерств, 11 подъезд                                 е-mail: Этот e-mail адрес защищен от спам-ботов, для его просмотра у Вас должен быть включен Javascript

                                                                                        kulgazira_777@mail.ru

 Пресс-релиз

 24 ноября 2011 года, в рамках мероприятий, посвященных 20-летию Независимости Республики Казахстан и в целях реализации исполнения поручений Президента РК, председателя Всемирной Ассоциации казахов Н.А.Назарбаева, данном на  Курултае казахов 25 мая 2011 года, Министерство образования и науки РК и Всемирная Ассоциация казахов проводят республиканский семинар на тему «Состояние и перспективы организации обучения этнических казахов зарубежных стран  в Казахстане».

Толықтау...
 
«ПерваяПредыдущая123456СледующаяПоследняя»

Страница 1 из 6
Пікірлер
Біздің сайтқа қандай баға бересіз?
Ауа райы
АСТАНА АЛМАТЫ
-22 -17