|
01.02.2010 16:41 |
|
Баян-Өлгий аймағы құрылуының 70 жылдық мерейтойына арналған «Туған жерін аңсамайтын жан бар ма?» атты салтанатты жиынның ашылуы мен мерекелік концертке шақырамыз. Өтетін орны: Алматы қаласы, Абылай хан даңғылы, 83 «Қазақконцерт» залы Басталуы: 2010 жыл, 18 ақпан күні сағ: 17:00-де Ұйымдастырушылар: Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы Қазақстан Республикасындағы Моңғолияның Елшілігі Баян-Өлгий аймақтық әкімшілігі Келем деушілерге есік ашық |
|
18.01.2010 12:00 |
Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының Төралқа төрағасының бірінші орынбасары, белгілі қоғам қайраткері Мамашев Талғат Асылұлына сүйікті жары Мамашева Маржан Хайдарқызының мезгілсіз қайтыс болуына байланысты қайғысына ортақтасып көңіл айтады. Марқұмның жатқан жері жаннатта, иманы жолдас болсын. Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы |
|
15.01.2010 14:28 |
|
Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының «Атажұрт» баспа орталығы «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы төңірегінде көптеген жұмыстар атқарып келеді. 2000 жылдан бері қарай Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы шеттегі ағайындар және олардың тағдырына қатысты әр түрлі ғылыми-танымдық және әдеби кітаптар шығаруды қолға алған болатын. Тоғыз жылдың ішінде мемлекеттік тапсырыс бойынша «Атажұрт» баспасынан Қазақстанға белгісіз көптеген авторлардың туындылары жарық көрді. |
|
Толықтау...
|
|
25.12.2009 13:45 |
Дүниежүзі қазақтары қауымдасты жанынан «Ресей қазақ диаспорасы: ана тілінің қазіргі ахуалы және келешегі» тақырыбына арналған әлеуметтік зерттеу жинағы екі тілде Қазақстан Республикасының мәдениет және ақпарат министрлігі Тіл комитетінің тапсырмасы бойынша және қаржылық қолдауымен жарыққа шықты |
|
15.12.2009 14:58 |
|
Құттықтаймыз! Тәуелсіздік күніне орай Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат Министрлігінің ''Мәдениет қайраткері'' атағымен марапатталған Меруеш Башай, Ермұрат Зейіпхан, Салауат Сұлтановтарды құттықтаймыз! Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы |
|
14.12.2009 12:08 |
|
Үстіміздегі жылдың 14-ші желтоқсанында Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Тәуелсіздік күніне орай "Азат рухты Атамекен" атты оралман студент жастардың халықаралық өнер фестивалі Алматы қаласы, М. Әуезов атындағы академиялық қазақ драма театрында өтті. Аталмыш шараға Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Тіл комитеті қолдау көрсетті. |
|
Толықтау...
|
|
24.11.2009 16:06 |
|
Дүниежүзі қазақтары қауымдастығына қарасты «Атажұрт» баспасынан Қытайдағы қазақ әдебиетінің классигі, белгілі саяси қайраткер, Шынжаңдық қандасымыз Қажығұмар Шабданұлының алты томдық «Қылмыс» романы жарық көрді. |
|
Толықтау...
|
|
16.11.2009 12:39 |
2009 жылдың 16-шы қарашасында Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы үйінде Төралқа төрағасының бірінші орынбасары Талғат Мамашев Қауымдастықтың «Нұрлы көш» бағдарламасын насихаттаушы Мұқан Мамытхан бастаған Аманбек Әуелбек, Омарәлі Әділбек, Жарқын Сәменұлы, Алмасбек Омар, Оқан Мамытхан, Фазылбек Қазбек, Жарқын Асан және т.б. бір топ оралман өкілдерімен кездесіп, «Нұрлы көш» бағдарламасы аясында жиналыс өткізді. Бұл жиында Төраға орынбасары шеттен келген ағайындардың сұрақтарына жауап беріп, бағдарлама төңірегіндегі мәселелер бойынша кеңінен әңгімелесті. |
|
11.11.2009 15:04 |
|
Үстіміздегі жылдың 11 қарашасы күні Алматы қаласы, Жазушылар Одағының Әдебиетшілер үйінде қазақтың хас батыры Оспан Ісләмұлының туғанына 110 жыл толуына орай «Азаттықтың өшпес рухы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. |
|
Толықтау...
|
|
04.11.2009 10:10 |
|
Үстіміздегі қараша айының 11-ші жұлдызында Оспан батырдың туғанына 110 жыл толуына арналған "Азаттықтың өшпес рухы" атты халықаралық ғылыми-тәжірбиелік конференция өтеді. Келемін деушілерге есік ашық. |
|
Толықтау...
|
|
30.10.2009 10:43 |
|
Құттықтаймыз! 2009 жылдың қазан айында Белгияда "Шаңырақ" деп аталатын қазақ мәдени орталығы ашылды. Төрайымы – Ақмарал Амерқұлова. Ақмаралға жұмыс барысында сәттілік тілеміз! |
|
16.10.2009 11:47 |
|
2009 жылдың 16- қазанында Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Алматы қаласының Қазақ концерт залында «Отаным – жаным, Ана тілім – арым» атты халықаралық жыр мүшәйрасы өтті. Жастардың отаншылдық, ұлтшылдық, ана тілді құрметтеу рухын одан ары көтеруді мақсат еткен бұл мүшәйраға Қытай, Моңғолия, Ресей, Өзбекстан елдерінен келген ақындармен бірге республика көлеміндегі жас ақындар қатысты. |
|
Толықтау...
|
|
16.10.2009 10:52 |
|
2009 жылы қазан айының 16 жұлдызында Алматыда "Өз тілім бірлік үшін, өзге тіл тірлік үшін" атты халықаралық дөңгелек үстел өтті. Халықаралық дөңгелек үстел Қауымдастық үйінде сағат 10:00-де басталды. Жиынды Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы Төралқа төрағасының бірінші орынбасары Т.Мамашев ашып, жүргізіп отырды. |
|
Толықтау...
|
|
23.09.2009 19:02 |
|
2009 жылы 22-23 қыркүйек күні ШҚО Жарма ауданында Ер Жәнібек батырға арналған ескерткіш ашылып, Өскемен қаласында халықаралық конференция болып өтті. Ер Жәнібек ескерткішінің ашылуында Т.Мамащевтің сөйлеген сөзі. Ер Жәнібек – елдіктің рухани бірлігі Абылай хан дәуіріндегі атақты батырларымыздың бірі және бірегейі. Кешегі күні толарсақтан қан кешіп, елі мен жері үшін күрескен батыр бабамыз міне бүгін халқымен қайта қауышып отыр. |
|
Толықтау...
|
|
29.07.2009 13:55 |
|
Ресей қазақтарының федералдық ұлттық-мәдени автономиясының президенті, «АК ЖОЛ» қазақ ұлттық автономиясы директорлар кеңесінің төрағасы Дүсенбаев Тоқтарбай Қадырғалиұлын кішкентай қыз балалы болуымен шын жүректен құттықтай отырып, сәбиінің жасы ұзақ, дені сау, бақытты, ата-анасының еркесі болып жүре беруін тілейміз!!! Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы
|
|
29.07.2009 13:20 |
|
Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының Солтүстік Қазақстан облыстық филиалының бастығы Салмұрзин Сағындық Досмақұлын 55 жасқа толған туған күнімен шын жүректен құттықтаймыз. Ұзақ ғұмыр, жұмысынан табыс, өмірде бақытты болуын тілейміз! Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы |
|
24.07.2009 20:04 |
|
24 шілде күні Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы үйінде «Қытайдағы қазақтардың бүгінгі жағдайы мен болашағы» тақырыбында зиялы қауым және бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен кездесу өтті. Кездесуге Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы Төралқа төрағасының бірінші орынбасары Талғат Мамашев, Қазақстанның халық жазушысы Қабдеш Жұмаділов, ақын Керім Елемесұлы, жазушы Дәулетбек Байтұрсын, әнші-сазгер Ермұрат Зейіпхан бастаған қаламгерлер қауымы мен БАҚ өкілдері қатысты. Басқосуда қытайдағы қазақтардың тағдырына байланысты алаңдаушылық білдіретін ойлары мен ұсыныс-пікірлерін ортаға салды.
|
|
06.07.2009 20:55 |
|
Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы Төралқа төрағасының бірінші орынбасары Мамашев Талғат бастаған делегация 6–15.07. 2009 аралығында ҚХР-ның Гансу өлкесі, Ақсай қазақ автономиялы ауданы, Құмыл қаласы, Баркөл қазақ автономиялы облысы, Мори қазақ автономиялы облысы және Алтай аймақтарына барып, ол жақтағы бір мыңға жуық қандастарымызбен 8 рет кездесулер өткізіп қайтты. |
|
27.06.2009 18:23 |
|
Маусым айының 27-і күні Улаанбатор қаласында Монғолия қазақтарының кіші құрылтайы өтті. Құрылтайдың салтанатты ашылу рәсімінде құрметті қонақ ретінде шақырылған Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы Төралқа төрағасының орынбасары Сұлтанәлі Балғабаев Елбасының құттықтауын оқып, аталмыш құрылтайға қатысушыларды шын жүректен құттықтады. |
|
Толықтау...
|
|
|
25.06.2009 17:25 |
|
Үстіміздегі маусым айының 25-ші жұлдызында "Шетелде тұратын отандастардың істері жөніндегі комиссия отырысы" болып өтті. Аталмыш отырысты Мәдениет және ақпарат министрі Мұхтар Құл-Мухаммед басқарып, жүргізіп отырды. Комиссия отырысына Парламент депутаттары Ғарифолла Есім, Төлеген Мұхамеджанов, кейбір министрліктің өкілдері, Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы Төралқа төрағасының бірінші орынбасары Талғат Мамашев және Қауымдастықтың ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі Ботагөз Уатқан қатысты. |
|
Толықтау...
|
|
24.06.2009 17:46 |
|
Маусымның 24-25 күндері Астана қаласының "Redisson SAS Astana" қонақ үйінде ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, Халықаралық еңбек ұйымы, Халықаралық көші-қон ұйымы және Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы Астанадағы ЕҚҰЫ орталығы бірлесе отырып "Әлеуметтік-еңбек және көші-қон салаларындағы өңірлік және мемлекетаралық ынтымақтастықты дамыту, тұрақтылық және қауіпсіздік мүддесінде нығайту" тақырыбында халықаралық конференция өткізді. |
|
Толықтау...
|
|
|
|
|
|