Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының сайтына қош келдіңіздер! |
|
|
01.02.2012 17:54 |
|
Қауымдастықтың 13 қаңтардағы № 7 хатында ҚХР-дағы қазақ диаспорасының елге келіп-кетуіне жеңілдіктер берілу үшін бір жылға көп мәрте виза беру ережесін енгізуді ұсынған еді. Осыған орай ҚР Сыртқы істер министрлігінің жауапты хатшысы Р.Жошыбаевтың 27 қаңтар күнгі №13-3/858 берген жауабында: «...қолданыстағы виза беру ережесіне сәйкес, ұлты қазақ шет ел азаматтарына олардың жазбаша өтініштері негізінде 3 мәртелік 90 тәулік мерзімге жеке сапар санатындағы ҚР визасы рәсімделеді. |
|
Толықтау...
|
|
01.02.2012 17:53 |
|
Германия еліндегі Мюнхень қазақ қоғамының басшысы болып Ибрахим Ақтеңіз сайланды. Ибрахимді құттықтай отырып, жұмысына мол табыстар тілейміз! |
|
01.02.2012 17:34 |
|
Шетелдегі қазақ диаспорасының өкілдері аталмыш Жолдаумен бұқаралық ақпарат құралдары арқылы таныс болуда. Қауымдастық қызметкерлері Жолдауды төте және латын жазуларына аударып, насихаттау жұмыстарын бастап кетті. |
|
30.01.2012 17:57 |
|
ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссиясының шақыруымен «Хабар» телеарнасында Астана қаласында өткен «Ел дамуына қандастарымыздың қосқан үлесі» тақырыбындағы «Сонымен солай дейік...» хабарға қатысты. /Жүргізгендер: Рахат Жақсыбай, Олжас Сыдықбеков/., Қатысқандар: Алдан Смайыл, Тұрсын Жұртбай, Марат Тоқсанбаев, Ботагөз Уатқан, Гүлзира Бөкейхан, Бахаргүл Төлеген, Болат Шайзада. |
|
26.01.2012 16:39 |
Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы ұжымы Моңғолияда туған, белгілі ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор Бұқатұлы Базылханның қайтыс болуына байланысты марқұмның отбасына, туған туыстарына қатты қайғырып көңіл айтады. Марқұмның жатқан жері жаннат, иманы жолдас болсын. |
|
25.01.2012 17:21 |
|
ҚР Елшілігі 2011 жылы Беларусьте тұрып жатқан қазақ диаспорасымен жұмыс жүргізуге үлкен мән береді. Елшілік Беларусьте тұрып жатқан қазақ диаспорасымен жұмыс жүргізуге үлкен мән береді. Есеп беру кезеңінде отандастарымызды мазалайтын мәселелер бойынша Елшінің диаспора өкілдерімен тұрақты түрде кездесулері өтіп тұрды. |
|
Толықтау...
|
|
25.01.2012 17:19 |
|
Қауымдастықтың 20 жылдығына орай «Шетелдегі қазақтар» атты кітап шығару мақсатында жиын өткізілді. Басқосуға қатысқандар: Т.Мамашев, С.Балғабаев, Б.Уатқан, Т.Нығарбайұлы, М.Шоқан, Б.Төлеген |
|
25.01.2012 17:17 |
Қауымдастық жанындағы Өнер орталығының белсенді мүшесі, Республикалық жыр мүшайраларының жеңімпазы, ақын Ғалым Қалибек ұлы «Ақкербез» атты жыр жинағы үшін «Алаш» халықаралық әдеби сыйлығына ие болды. Оның бұдан бұрын «Шерлі домбыра», «Өмір-ай», «Тоқинақ» атты поэзиялық, прозалық және суретті кітаптары жарық көрген. Ғалымды құттықтай отырып, шығармашылық табыстарға жете беруіне тілектеспіз. |
|
25.01.2012 17:15 |
|
Құттықтаймыз Қауымдастықтың ғылыми орталығының жетекшісі болып тарих ғылымдарының докторы Бақыт Еженханұлы тағайындалды. Бақытты жаңа қоғамдық қызметімен құттықтаймыз! |
|
24.01.2012 17:14 |
|
«Caspionet» телеарнасының «Атамекен» бағдарламасында Еуропа қазақтары туралы түсірілім ұйымдастырылды Онда Парижде өткен конференция туралы сөз болды. Жүргізген тілші Ерлан Біләл., қатысқандар: Ботагөз Уатқан, Тілдаш Битуова, Саттар Көсе, Фати Шанкая және студент жастар. |
|
|
|
|