Сайт бойынша іздеу

Ереже Шетелдегі филиал

Дүниежүзі қазақтар қауымдастығының шетелдердегі филиалдары туралы ереже

Шетелдегі филиалдар туралы ереже 2006
жылғы наурыздың 1-күнгі
Қауымдастық Төралқасының кеңейтілген мәжілісінде бекітілді.


Дүниежүзі қазақтар қауымдастығының шетелдердегі филиалдары туралы ереже

1. Жалпы ережелер
Қауымдастықтың жалпыға бірдей мойындалған принциптер мен халықаралық құқық нормалары, шарттар мен тиісті мемлекеттер заңнамалары негізінде шетел мемлекеттерінде өз филиалдарын құруға құқы бар. 

Шетелдерде құрылған қазақ мәдени орталықтары өздерінің келісімі бойынша немесе жазбаша өтініштеріне сәйкес Қауымдастықтың филиалдары бола алады. Филиал туралы Ережені Қауымдастықтың Төралқасы бекітеді. 

Қауымдастық өзінің шетелдегі филиалдарының міндеттемелері мен қарыздары үшін жауап бермейді.

Қауымдастықтың шетелдегі филиалдары қаржы-шаруашылық мәселелерінде дербес әрекет етеді, өздері орын тепкен елдердің заңнамалары шегінде қызмет атқарады. Қауымдастық өз филиалдарының қаржы-шаруашылық қызметіне араласпайды. Өзінің мүмкіндіктеріне қарай материалдық және басқадай көмек көрсете алады. 

Қауымдастықтың шетелдегі филиалдары басшы органдарын өздері тұрып жатқан елдердің заңнамаларына және өз ұйымдарының Жарғыларына (Ережелеріне) сәйкес өздері айқындайды. Шетелдік филиалдардың Жарғылары, оларды тіркеу туралы куәліктер Қауымдастыққа табыс етіледі. Басшы органдарды қайта сайлау немесе қайта тіркеуден өткізу жағдайында Қауымдастыққа жиналыстың (конференцияның, съездің) шешімдері табыс етіледі. Қауымдастықтың филиалдары осы Жарғының мақсаттарына қайшы келмейтін болса өздері орын тепкен елдерде конфедерацияларға (үйлестіру орталықтарына, кеңестерге) біріге алады. 

Филиалдар өздері орын тепкен елдердің жағдайына, заңнамаларына сәйкес өздерінің бөлімшелерін, өкілдіктерін өз Жарғысына қайшы келмесе аша алады және тарата да алады.

 

Дүниежүзі қазақтары
қауымдастығы Төралқа
төрағасының бірінші орынбасары Т. Мамашев
 

 
Пікірлер
Біздің сайтқа қандай баға бересіз?
Ауа райы
АСТАНА АЛМАТЫ
11 19