Сайт бойынша іздеу

Ереже Өкілдік

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының шетелдегі Өкілдігінің ережесі

 Өкілдік туралы ереже 2006 жылғы
наурыздың 1-күнгі Қауымдастық
Төралқасының кеңейтілген мәжілісінде бекітілді.

 Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының шетелдегі Өкілдігінің ережесі


1.Жалпы ережелер
1.1. Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының (бұдан әрі – Қауымдастық) шетелдегі өкілдігі (бұдан әрі – өкілдік) Жарғысына сәйкес құрылып жұмыс істейді.

1.2. Өкілдік өз қызметінде Қауымдастық Төралқасы белгілеп берген міндеттер мен тапсырмаларды басшылыққа алады.

2. Өкілдіктің мақсаты
2.1. Өкілдік шетелдегі қазақ диаспорасы мен Қауымдастықтың байланысын қамтамасыз етеді.

3.Өкілдіктің заңды мәртебесі
3.1. Өкілдік жеке заңды тұлға болып табылмайды. Ол өз қызметін Қауымдастықтың құрылымдық ауқымында жүргізеді.

3.2. Өкілдік Қауымдастық Төралқасының келісімімен банктен жеке есеп-шот аша алады.

3.3. Өкілдік жұмысын Қауымдастық Төралқасы бекіткен жетекші жүргізеді.

3.4. Өкілдік жетекшісі өзінің шаруашылық, қаржылық жұмысын Қауымдастық Төралқасы төрағасының бірінші орынбасары қол қойған Сенімхат арқылы жүргізеді.

3.5. Өкілдік өз қызметін жүзеге асыру үшін шетелдегі мемлекеттік мекемелермен, қоғамдық ұйымдармен, басқа да заңды тұлғалармен, жеке кісілермен тікелей байланыс жасайды.

4. Өкілдіктің шаруашылық-экономикалық қызметі
4.1. Өкілдік шаруашылық-экономикалық қызметін жүзеге асыру үшін түрлі бағдарламалар дайындайды, заңды және жеке тұлғалармен келісім-шарттар жасасады.

4.2. Өкілдіктің тапқан табысы өкілдіктің қызметін жүргізуге және Қауымдастықтың Жарғыдағы міндеттерін жүзеге асыруға жұмсалады.

5. Өкілдік қызметкерлерінің құрамы
5.1. Өкілдік қызметкерлерінің құрамын (штаттық кесте) және олардың еңбекақысының мөлшерін Қауымдастық Төралқасы бекітеді.

6. Өкілдіктің жауапкершілігі
6.1. Өкілдік өзі жасаған келісім-шарттар мен өзі жүргізген жұмыстар және өзіне тиісті мүліктер ауқымындағы міндеттер мен қарыздарға жауапты болады.

6.2. Өкілдік Қауымдастықтың басқа салада жүргізген жұмыстары мен оның өзге құрылымдарының міндеттері мен қарыздарына жауап бермейді.

7. Өкілдіктің қаржы көздері
7.1. Өкілдіктің қаржы көздері төмендегідей түсімдерден құралады:
– Қауымдастықтың бөлетін қаржысы;
– заңды тұлғалар мен жеке кісілердің демеушілігі;
– өндірістік, коммерциялық қызметтер;
– және басқа да заңды түсімдер.

8. Өкілдіктің мүлкі
8.1. Өкілдіктің мүлкі Қауымдастықтың меншігі болып табылады.

8.2. Өкілдік Қауымдастық берген мүлікке оның жазбаша келісімімен иелік етеді.

9. Өкілдіктің құқы мен міндеттері
9.1. Өкілдік осы Ереже бойынша іс жүргізуге және міндеттемелер алуға құқылы.

9.2. Өкілдік Қауымдастық Жарғысында көрсетілген міндеттерді жүзеге асырады.

10. Өкілдіктің қызметін тоқтату
10.1. Өкілдік өз қызметін Қауымдастық Төралқасының шешімімен тоқтатады.

 

Дүниежүзі қазақтары
қауымдастығы Төралқа
төрағасының бірінші орынбасары Т. Мамашев
 

 
Пікірлер
Біздің сайтқа қандай баға бересіз?
Ауа райы
АСТАНА АЛМАТЫ
11 19