Сайт бойынша іздеу

Ереже Астана филиалы

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы республикалық қоғамдық бірлестігінің Астана қалалық филиалы туралы ереже

«ДҮНИЕЖҮЗІ ҚАЗАҚТАРЫНЫҢ ҚАУЫМДАСТЫҒЫ»
республикалық қоғамдық бірлестігінің Жарғысы 2005
жылғы 28 қыркүйекте Қазақтардың ІІІ Дүниежүзілік
Құрылтайында бекітілген. Астана қаласы

 Жарғының негізінде Филиал туралы ереже 2006 жылғы
наурыздың 1-күнгі Қауымдастық Төралқасының кеңейтілген
мәжілісінде бекітілді.

 Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы республикалық қоғамдық бірлестігінің Астана қалалық филиалы туралы ереже

1. Жалпы ережелер
«Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Астана қалалық филиалы Қауымдастықтың толық немесе жартылай қызметтерін жүзеге асыратын, сонымен қатар өкілеттілігін атқаратын дербес филиалы болып саналды.
Филиал осы Ережеге сәйкес өзінің шаруашылық қызметтерін жүзеге асырады.
Филиал заңдық тұлға болып саналмайды және Қауымдастықтың Жарғысына, осы Ережеге сәйкес әрекет етеді.

2.Қауымдастықтың мәні және қызметінің мақсаттары
2.1 ҚР заңнамаларына сәйкес:
 – егеменді Қазақстанда қазақ халқының ұлттық қайта түлеуіне, Қазақстаннан сырт жерлерде өмір сүріп жатқан қазақтардың еркін де жан-жақты дамуына жәрдемдесу;
 – Қазақстанда және одан сырт жерлерде тұрып жатқан қазақтардың экономикалық, әлеуметтік, мәдени, рухани, діни және басқа өмірлік маңызды проблемаларын шешуге қатысу:
 – Қазақтардың өзінің тарихи отанындағы экономикалық және әлеуметтік-мәдени салалардағы жетістіктерін, олардың ұлттық салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын бүкіл дүние жүзіне насихаттау;
 – Қазақстанға көшіп келген отандастарына көмек көрсету;
– қайырымдылық қызмет Қауымдастықтың мақсаттары болып табылады;

2.2 Заңнамаларға сәйкес:
– мемлекеттік органдармен, қоғамдық бірлестіктермен, мәдени және ғылыми-зерттеу орталықтарымен бірлесе отырып, қазақ ұлтын жан-жақты дамытудың пәрменді жолдарын іздестіру;
– мамандар мен ғалымдардың қатысуымен шетелдерде тұрып жатқан қазақтардың тарихын, өмірін, мәдениетін және әлеуметтік жағдайын зерттеу, олардың бүгіні мен болашағын болжау ісіне талдау жасау, қазақтар жасаған немесе Қазақстаннан әкетілген өнер туындыларының қорғалуын және олардың тарихи, мәдени және этнографиялық көзқарас тұрғысынан Қазақстан үшін айрықша маңыздыларының қайтарылуын ұйымдастыруға жәрдемдесу Қауымдастықтың міндеттері болып табылады.

2.3 Заңнамаларға сәйкес:
– Қазақстан және қазақ диаспорасы өмір сүріп жатқан мемлекеттер арасында халықаралық туристік маршруттар ұйымдастыру, концерттік бригадалар алмасу, фестивальдер, өнер мерекелерін, конкурстар ұйымдастыру;
– тарихи Отанынан сырт жерлерде тұрып жатқан қазақ жастарын республиканың жоғары және орта оқу орындарына тарту, түрлі себептерге байланысты Қазақстаннан жырақ кетіп қалған адамдардың, олардың ұрпақтарының туған-туысқандарымен қайта қауышуына жәрдемдесу;
– шетелден Қазақстанға қоныс аударған адамдарға медициналық көмек көрсетілуіне көмектесу;
– лекциялар, көрмелер, лотереялар, семинарлар, спорттық және басқа шаралар ұйымдастыру; 
– шетелдерде қазақтар жинақы орналасқан жерлерде олардың қазақ тілін оқып үйренуіне, ата-бабаларының салт дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын сақтап, өрістете беруіне көмек көрсету Қауымдастық қызметінің басты міндеттері болып табылады.

3. Филиалды құрған заңды тұлғаның атауы мен тұрақты мекен-жайы
«Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы» РҚБ, 
  инд: 050002, Алматы қаласы, Ш.Уәлиханов көшесі, 43А. 
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 1997 жылғы сәуірдің 16 күні қайта тіркеуден өткізілді, куәлік № 2471-1900-ҚБ

4. Филиалдың атауы мен мекен-жайы
«Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы» РҚБ Астана қалалық филиалының мекен-жайы: Астана қаласы, Сарыарқа ауданы, Достық көшесі, 29Б үй 

5. Филиалдың өз қызметін атқару мерзімі
Филиал Қауымдастықтың өкілеттілігі мерзімінде қызмет атқару үшін құрылады.

6. Филиалдың мақсаты мен өкілеттілігі
Филиалдың мақсаты мен міндеті қаланың әкімшілік-аумақтық шекарасында тұратын Қауымдастықтың мүшелерін біріктіру болып саналады.
Филиал Қауымдастықтың Жарғысын мүлтіксіз орындай отырып, осы Ережеге сәйкес өз қызметтерінің ішкі тәртібін айқындайды.
Филиал басшысын өзінен жоғары тұратын басшы ұйым бекітеді.
Филиал жоғарыда көрсетілген мақсаттарды жүзеге асыру үшін мынадай міндеттерді атқарады:
– өз аумағында Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының өкілетті органы болып табылады.
– өз аумағында қоғамдық және әкімшілік органдармен өзара байланыста болып, Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының өкілеттілігін жүзеге асырады;
– кез-келген қоғамдық, әкімшілік, сот органдарының алдында өз аумағында тұратын Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы мүшелерінің мүдделерін қорғайды;
– филиал оған тиесілі мүлікке байланысты қарыз бен міндетемелері үшін жауап береді. Қауымдастық өз филиалдарының міндеттемелері мен қарыздары үшін жауап бермейді. 
– Қауымдастықтың қалалық филиалы қаржы-шаруашылық қызметінде дербес әрекет етеді. 
– Филиал Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының Жарғысы мен осы Ережеге сәйкес баспа-жарнама, қаржылық-шаруашылық қызметтерімен айналысады;
– өз реквизиті, банкте есеп-шоты, мөрі, фирмалық бланкісі болады.

7. Филиалды басқару
1. Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы филиалды филиал басшысы арқылы басқарады:
а) Филиал басшысы өз қызметін Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының берген Сенімхат негізінде жүргізеді;
ә) басшыға Сенімхат тапсыру тәртібі, формасы мен мерзімі Қазақстан Республикасы Заңнамаларының талаптарына сәйкес атқарылады, ол қазақ және орыс тілдерінде жазылады;
б) филиал басшысы Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының Төралқасына есеп береді және филиалдың қызметі мен оған жүктелген өкілдіктердің атқарылуы үшін жауапты.

2. Филиал басшысының міндеті:
а) Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының Жарғысы мен осы Ережеге сәйкес филиалдың жұмысына басшылық етеді;
ә) ұйымдық және басқа да мәселелер бойынша филиалдың жалпы жиналысын өткізеді;
б) қоғамдық және әкімшілік органдарымен байланысты жүзеге асырады;
в) өзінің өкілеттілігі шегінде тиісті құжаттарға, сонымен бірге қаржы-қаражат құжаттарына қол қоюға құқылы.

8.Филиалдың қызметін тоқтату
Филиалдың қызметі Қазақстан Республикасы заңнамаларында айқындалған тәртіпке сай, сондай-ақ Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының шешімімен тоқтатылады немесе Ереже Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының Астана қалалық филиалы өз қызметін тоқтатқан күні өз күшін жояды.
Ереже мәтіні қазақ және орыс тілдерінде жазылды.


Төралқа төрағасының 
бірінші орынбасары Т. МАМАШЕВ

 
Пікірлер
Біздің сайтқа қандай баға бересіз?
Ауа райы
АСТАНА АЛМАТЫ
11 19