Сайт бойынша іздеу

Ереже

"Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы" РҚБ филиалы туралы ереже

2006 жылы 1 наурызда
Төралқа мәжілісінде бекітілген

«Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы» республикалық қоғамдық бірлестігінің филиалы туралы ереже

Алматы қаласы

Қысқартулар тізімі:

Филиал – «Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы» республикалық қоғамдық бірлестігінің филиалы
Төралқа – «Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Төралқасы
Заңнама – ҚР қолданыстағы заңнамасы;
ҚР – Қазақстан Республикасы
Қауымдастық – «Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы» республикалық қоғамдық бірлестігі 
Ереже – «Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы» республикалық қоғамдық бірлестігінің филиалы туралы ереже

1 бап. Жалпы ережелер
1.1. Филиал Қауымдастықтың аумақтық-құрылымдық бөлімшесі болып табылады және қолданыстағы заңнамаларға сәйкес заңдық тұлға болып табылмайды, ол өз қызметін ҚР заңнамаларына, Қауымдастықтың Жарғысына, осы Ережеге сәйкес әділет органдарында есептік тіркелуі негізінде жүзеге асырады.

1.2. Филиалдар ҚР заңнамасына сәйкес төмендегідей:
– Егемен Қазақстандағы қазақ халқының ұлттық қайта түлеуіне, Қазақстаннан сырт жерлерде өмір сүріп жатқан қазақтардың еркін және жан-жақты дамуына жәрдемдесу;
– Қазақстанда және одан сырт жерлерде өмір сүріп жатқан қазақтардың экономикалық, әлеуметтік, мәдени, рухани, діні және басқа да өмірлік маңызды проблемаларын шешуге қатысу;
– Қазақтардың өзінің тарихи отанындағы экономикалық және әлеуметтік-мәдени салалардағы жетістіктерін, олардың озық ұлттық салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын бүкіл дүние жүзіне насихаттау;
 – Қазақстанға көшіп келген отандастарына көмек көрсету;
–қайырымдылық қызмет көрсету мақсаттарын жүзеге асыру үшін құрылады. 
ҚР заңнамаларына сәйкес:
– мемлекеттік органдармен, қоғамдық бірлестіктермен, мәдени және ғылыми-зерттеу орталықтарымен бірлесе отырып, қазақ ұлтының жан-жақты дамуының пәрменді жолдарын іздестіру;
– мамандар мен ғалымдардың қатысуымен шетелдерде тұрып жатқан қазақтардың тарихын, өмірін, мәдениетін және әлеуметтік жағдайын зерттеу, олардың бүгіні мен болашағын болжау ісіне талдау жасау, қазақтар жасаған немесе Қазақстаннан әкетілген өнер туындыларының қорғалуын және олардың тарихи, мәдени және этнографиялық көзқарас тұрғысынан Қазақстан үшін айрықша маңыздыларының қайтарылуын ұйымдастыруға жәрдемдесу филиалдың міндеттері болып табылады.
ҚР заңнамаларына сәйкес:
– Қазақстан және қазақ диаспорасы өмір сүріп жатқан мемлекеттер арасында халықаралық туристік маршруттар ұйымдастыру, концерттік бригадалар алмасы, фестивальдер, өнер мерекелерін, конкурстар ұйымдастыру;
– шетелдегі қазақ жастарын республиканың жоғары және орта оқу орындарына тарту, түрлі себептерге байланысты туып-өскен жерлеріндегі туған-туысқандарынан ажырап қалған адамдардың, олардың ұрпақтарының қайта қауышуына жәрдемдесу;
– көп балалы отбасыларына көмек көрсету; 
– шетелден Қазақстанға қоныс аударған адамдарға медициналық көмек көрсетілуіне жәрдемдесу;
– лекциялар, көрмелер, лотереялар, семинарлар, спорттық және басқа шаралар өткізу филиалдар қызметінің түрлеріне жатады.

1.3. Филиалдарды ашу туралы шешім Төралқаның кеңейтілген мәжілісінде оған қатысушылар дауысының үштен екісінің басымдығымен қабылданады.

1.4. Филиал ол тікелей орналасқан жерлерде аумақтық әділет органдарында заңнамаларға сәйкес есептік тіркелуден өткізіледі.

1.5. Филиал өз қызметін ол тіркелген аумақта жүргізеді.

1.6. Филиал өз қызметін мемлекеттік органдардың, саяси, діни және басқа қоғамдық бірлестіктерден тәуелсіз жүзеге асырады, оларға есеп бермейді және олардың бақылауында болмайды.


Төралқа төрағасының 
бірінші орынбасары ___________________ Т.МАМАШЕВ

 


Пікірлер
Біздің сайтқа қандай баға бересіз?
Ауа райы
АСТАНА АЛМАТЫ
-22 -17