Сайт бойынша іздеу

Баспалар Туған тіл

Туған тіл

"Туған тіл" альманағы

Туған Тіл 

Мәдениет және ақпарат министрлігінің Тіл комитеті мен Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы бірлесе шығарып отырған "Туған тіл" альманағының бүгінгі күнде 10 саны жарыққа шықты. 2005 жылдан бері қазақ диаспорасының тіл мәселесін арқау етіп келе жатқан бұл басылымның мақалалары шеттегі ағайынға түсінікті болу үшін латын, төте жазумен және Ресей қазақтары үшін орыс тілінде де беріледі. Бүгінгі күнде үш алфавит қоданып отырған бірден-бір ұлт қазақ ұлты болса, "Туған тіл" тектес басылым да өз саласында бірден-бір басылым. Сондықтан министрдің шешімімен 2009 жылдан бастап "Туған тіл" альманағы үш айда бір рет оқырманның қолына тиетін болды.

Бұл басылым өзінің алғашқы қадамынан бастап мемлекеттік тілдің өз еліміздегі және жалпы қазақ диаспорасындағы өзекті мәселелерін арқау етіп келсе, алдағы кезде де тіл тарихы, оның этимологиясы мен этнологиясына байланысты тарихи тақырыптарға қалам сілтейді. Сонымен қатар Қазақстандағы тіл мамандары мен ғалымдардың мақалалары және шеттегі ағайынның тіл мәселесі туралы толғамдары да осы басылымның көтерер жүгі.

Альманах - араб сөзі
1. Ғылымның, өнердің соңғы жетістіктерін, өзгерістерін т.б. қамтитын мәліметтер жинағы. Сипаты жағынан календарь-анықтамаға жақындайды.
2. Ақын-жазушылардың көркем шығармаларының тақырыбына, жанрына, идеялық көркемдік мазмұнына қарай біріктірілген жинағы
3. Әдеби альманах Батыс Еуропада (Францияда) 18 ғасыр ортасында, Ресейде 18 ғасырдың аяғында, Қазақстанда 1920 жылдары шығарыла бастады.

 
Пікірлер
Біздің сайтқа қандай баға бересіз?
Ауа райы
АСТАНА АЛМАТЫ
11 19