Сайт бойынша іздеу

Баспалар

"Алтын бесік" еларалық қоғамдық-саяси, әдеби-көркем журнал

Алтын Бесiк

«Алтын бесік» – Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының жанынан жарық көріп, Қазақстаннан сырт жерлерде тұратын ағайындарға тарайтын басылым.

Журналдың бас редакторы – белгілі жазушы-драматург, Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы төрағасының орынбасары Сұлтанәлі Балғабаев. 

Журналдың басты міндеті – шетелдегі қазақ диаспорасының әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси саладағы тыныс-тіршілігін жан-жақты көрсетіп, оқырмандарға жеткізіп отыру. Соған орай басылым бетінде «Алтын бесік – Атамекен», «Әлем қазақтар сыр шерітеді» атты айдарлармен жер жүзінің түкпір-түкпірінде тұратын қазақтар туралы тартымды материалдар жарияланады.

Басылым шетелдегі қазақ қаламгерлері мен өнер қайраткерлерінің шығармаларын жариялап, жұртшылыққа насихаттап отыруды да тұрақты жүзеге асырады. 

Толықтау…
 

 "Атажұрт" баспа орталығы

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының «Атажұрт» баспа орталығы «Мәдени мұра» бағдарламасы төңірегінде көптеген жұмыстар атқарып шеттегі қазақ диаспорасының мәдени-рухани саладағы бай мұраларын жинап, жарыққа шығарып, жұртшылыққа насихаттауда белсенді жұмыстар атқарып келеді. Әсіресе 2000 жылдан бері қарай шеттегі ағайындар және олардың тағдырына қатысты әр түрлі кітаптар шығару ісінде көрнекті нәтижелерге қол жеткізді.

Ел тағдыры мен жер тағдырының қиын сәттері мен «Елім-айлап» өткен қазақ тарихының аянышты кезеңдерін, жер бетіне тарыдай шашылған халқымыздың мұң мен зарын арқау еткен көптеген шығармалар оқырманға жол тартып оң бағасын алды.

Солардың ішінде Дәлелхан Жаналтайдың «Қилы заман, қиын күндер», Сұлтан Жанболатовтың «Елжау Күнби», Батырхан Құсбегиннің «Зуқа батыр», Халифа Алтайдың «Алтайдан ауған ел», Жақсылық Сәмитұлының «Қытайдағы қазақтар», Зардыхан Қинаятұлының «Моңғолиядағы қазақтар» (1- кітап), Су Бихайдың «Қазақ мәдениетінің тарихы», Таңжарық Жолдыұлының «Таңдамалы шығармалары жинағы»(І-II том), Бақытбек Бәмішұлының «Тұмарлы таң», Омарғазы Айтанұлының «Тырналар», Қажығұмар Шабданұлының «Пана» және «Қылмыс» (1 том) романдары, Мұхаммед Әбдіқадырұлының «Алыстағы әуендер», Оразанбай Егеубайұлының «Көк бөрі немесе тағдыр тәлкегі», Ерлен Төлегенұлының «Ермен исі», Гүлнар Меңдіқұлованың «Қазақ диаспопрасы: тарих және қазіргі заман»(орыс тілінде), Тілек Дәулетовтың «Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының шежіресі» (2 кітап), Серік Қапшықбайұлының «Жоқ», Шынай Рахметұлының «Қарагер», Қазымбек Арабиннің «Аққулар жүзген ақ айдын» кітаптары арт-артынан жарық көрді. Осымен бірге «Таңжарық тағылымы», «Ел мен Елбасы», «Алтын алқа»( Өзбекстан ақындарының жыр кітабы), «Аңсаған атажұрт», «Қоштасқым келмейді» секілді көптеген ұжымдық жинақтар жарық көрді.

Толықтау…
 

"Туған тіл" альманағы

Туған Тіл 

Мәдениет және ақпарат министрлігінің Тіл комитеті мен Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы бірлесе шығарып отырған "Туған тіл" альманағының бүгінгі күнде 10 саны жарыққа шықты. 2005 жылдан бері қазақ диаспорасының тіл мәселесін арқау етіп келе жатқан бұл басылымның мақалалары шеттегі ағайынға түсінікті болу үшін латын, төте жазумен және Ресей қазақтары үшін орыс тілінде де беріледі. Бүгінгі күнде үш алфавит қоданып отырған бірден-бір ұлт қазақ ұлты болса, "Туған тіл" тектес басылым да өз саласында бірден-бір басылым. Сондықтан министрдің шешімімен 2009 жылдан бастап "Туған тіл" альманағы үш айда бір рет оқырманның қолына тиетін болды.

Бұл басылым өзінің алғашқы қадамынан бастап мемлекеттік тілдің өз еліміздегі және жалпы қазақ диаспорасындағы өзекті мәселелерін арқау етіп келсе, алдағы кезде де тіл тарихы, оның этимологиясы мен этнологиясына байланысты тарихи тақырыптарға қалам сілтейді. Сонымен қатар Қазақстандағы тіл мамандары мен ғалымдардың мақалалары және шеттегі ағайынның тіл мәселесі туралы толғамдары да осы басылымның көтерер жүгі.

Толықтау…
 


Пікірлер
Біздің сайтқа қандай баға бересіз?
Ауа райы
АСТАНА АЛМАТЫ
-6 8