![]() Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы жанынан "Мерей Travel" туристік компаниясы 28.01.2005 жылы құрылған. Ол қазақстандық, ТМД елдері және алыс шетелдерден келген саяхатшыларға төрт жылдан астам қызмет көрсетіп келеді. Негізгі мақсаты – саяхатшылардың жайлы демалуына көмек көрсету. Қызмет көрсету әдісі – демалушылардың шетелде өздерін сенімді сезінуіне мүмкіндік береді. Мәселелерді шешу, тәуліктің кез келген уақытында жергілікті өкілдіктермен жедел байланыс жасау, есте қаларлықтай қызықты экскурсия – осының бәрі біздің жұмысымыздың ажырамас қасиеті. "Мерей Travel" турфирма Сіздерге төмендегі қызметтерді ұсынады:
Сондай-ақ, ауқымды серіктестік жүйелері арқылы біз Сізді жер шарының кез келген туристік орнына демалысқа жібере аламыз - осыған қатысты сұрақтарыңыз болса «Қайта байланыс» бөліміне хабарласыңыздар! Біз Сіздерді күтеміз!
Шетелдегі диаспора өкілдерін, олардың балаларын Қазақстанда демалуға, атажұртты аралатуға байланысты барлық жағдайды жасауға дайынбыз. Осы мәселемен айналысып жүрген туристік фирмаларды бірлесіп жұмыс істеуге шақырамыз! Біздің мекен-жайымыз: Алматы қаласы, Ш. Уәлиханов көшесі, 43 А. Тел./Факс: 8 (727) 2347933, 2734197 E-mail: Этот e-mail адрес защищен от спам-ботов, для его просмотра у Вас должен быть включен Javascript Біздің менеджерлермен хабарласыңыздар және оларға өздеріңізді қызықтыратын барлық сұрақтарды қоюларыңызға болады! |