Сайт бойынша іздеу

Біз туралы Құрылымы

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының құрылымы

ДҮНИЕЖҮЗІ ҚАЗАҚТАРЫ ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ

Дүние жүзі қазақтарының IV Құрылтайы 2011 жылы маусым айында Астана қаласында болып өтті. Осы Құрылтайда:

Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы Төралқа төрағасы болып Н.Ә.Назарбаев сайланды. 

Назарбаев Нұрсұлтан Әбішұлы

Төралқа мүшелері – Назарбаев Нұрсұлтан (Қазақстан), Мамашев Талғат (Қазақстан), Балғабаев Сұлтанәлі (Қазақстан), Дүсенбаев Тоқтарбай (Ресей), Абдулқаюм Кесижи (Еуропа). 

ДҮНИЕЖҮЗІ ҚАЗАҚТАРЫ ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ АППАРАТЫ:

 Мамашев Талғат Асылұлы, Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы Төралқа төрағасының бірінші орынбасары, "Туған тіл" альманағының бас редакторы

Мамашев Талғат Асылұлы14.10.1948 ж., Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданындағы Байсерке ауылында туған. 
Т.Мамашев Қазақ Ұлттық Мемлекеттік университетін, Алматы халық шаруашылығы институтын және Саясаттану институтын бітірген. Тарихшы, саясаттанушы, экономист.
Еңбек жолын 1966-1973 жылдары Алматы мақта-мата комбинатында электрик, комсомол комитетінің хатшысы болып бастаған. 1973-1975 жылдары Алматы қаласының Калинин аудандық комсомол комитетінің хатшысы, бірінші хатшысы, 1975-1979 жылдары Алматы қалалық комсомол комитетінің бірінші хатшысы, 1979-1984 жылдары Әуезов аудандық ауатком төрағасының бірінші орынбасары, 1985-1991 жылдары Алматы қалалық Калинин аупарткомының бірінші хатшысы. 1991-1994 жылдары Алматы облыстық партия комитетінің хатшысы, облатком төрағасының орынбасары, облыс әкімінің орынбасары. 1994-1997 жылдары Қазақстан Республикасының Мәдениет министрі. 1990-2004 жылдары Мәдениетті қолдау ұлттық қорының басқармасының төрағасы. 
Т.Мамашев Абайдың және Жамбылдың 150 жылдық мерейтойларын тікелей өзі басқарып үлкен дәрежеде өткізді. 
Дүниежүзі қазақтарының I Құрылтайына белсене ат салысып, Ш Құрылтайын абыройлы да іскерлік жағдайда атқарды. Көптеген халықаралық жиындар мен фестивальдерді ұйымдастырып, еліміздің шетелге танылуына ерекше еңбегін сіңірді. Қазақстанның мәдениетіне үлкен үлес қосқан қоғам қайраткері.
Қазақ ССР Жоғары Кеңесінің Құрмет грамотасымен, (1971 ж) «Құрмет белгісі» орденімен (1975 ж), "Шыңғыс хан" медалімен (2006), "Құрмет" орденімен (2007ж), және басқа да медальдармен марапатталған
2004 жылдан «Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Төралқа төрағасының бірінші орынбасары


  Балғабаев Сұлтанәлі Базарбайұлы, Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы Төралқа төрағасының орынбасары

Балғабаев Сұлтанәлі БазарбайұлыБалғабаев Сұлтанәлі Базарбайұлы 1946 жылы мамыр айының 21 күні Қызылорда облысының қазіргі Мұстафа Шоқай ауылында дүниеге келген.
Ол еңбек жолы 1964 жылы туған ауылында шопан болудан басталған. 1971 жылы Қазақтың мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірген. «Бастау», «Жұлдызың жансын!», «Алтын сағым», «Құм мен қызғалдақ», «Шөл», «Дала мен дария», "Красная гармоны", "Тойдан қайтқан қазақтар", "Сағыныш пен елес", "Менің әжем сиқыршы", "Өтірік айтпайтын адам" атты прозалық кітаптардың авторы.
С.Балғабаев драматургия саласында да жемісті еңбек етіп жүр. Оның қаламынан туған «Ең әдемі келіншек», «Тойдан қайтқан қазақтар», «Ғашықсыз ғасыр», «Қыз жиырмаға толғанда», «Қазақша күрес», «Біз де ғашық болғанбыз» және басқа да пьесалары М.Әуезов атындағы академиялық театрда, Ғ.Мүсірепов атындағы жастар мен балалар театрында және еліміздің облыстық театрларында қойылған.
С.Балғабаев қазақ халқының ұлттық рухани мәселелері, ана тілдің тағдыры, әдебиет пен өнердің бүгіні мен болашағы туралы көптеген публицистикалық мақалалар жазған. Бұл шығармалары 1998 жылы «Қазақтың қызыл кітабы» деген атпен жеке жинақ болып шыққан.
Ол 1992 жылдан бері Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы Төралқасы төрағасының орынбасары қызметін үзбей атқарып келеді. Осы қызметіне орай С.Балғабаев Әлем қазақтарының Алматы, Түркістан және Астана қалаларында өткен үш Құрылтайын ұйымдастыруға ат салысты. Соңғы Құрылтайда Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының Төралқа мүшесі болып сайланды.
С.Балғабаев шетелдегі қазақтарға арналған еларалық «Алтын бесік» журналын шығаруда да жемісті еңбек етіп жүр. Жоғарыдағы еңбектері бағаланып "Құрмет" орденімен, Қазақстанның 10 жылдығы, Астананың 10 жылдығы медальдармен марапатталған. Ол халықаралық "Алаш" сыйлығының лауреаты.


Уатқан Ботагөз, Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі

Уатқан Ботагөз1956 жылы 15 мамырда туған. 
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің филология факультетін, Монғолия Халық Революцияшыл Партиясы Орталық Комитеті жанындағы партия жоғары мектебін, экономикалық білімін жетілдіру мақсатында екі жылдық Халық университетін оқып бітірген.
1978-1980 ж. Бай-Өлке аймағында орта мектептің мұғалімі, 1980-1991 ж. Моңғолияның астанасы Уланбатыр қаласында Моңғолия Революцияшыл Жастар Одағы Орталық Комитетінде (бұдан былай МРЖО ОК) нұсқаушы, әдістеме кабинетінің меңгерушісі, 1992–1994 жж. Монғолия еңбек министрлігінің Қазақстандағы өкілдігінде ұйымдастырушы қызметтерін атқарған.
1994 жылдан Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығында қызмет атқарып келеді.
Б. Уатқан II дәрежелі "Достық" орден иесі.

 

Балтабаева Гүлғазира Нұранқызы,  «Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы» республикалық қоғамдық бірлестігі Талдау орталығының директоры

Білімі: жоғары, С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университеті (қазір – Аль-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті). Жоғары оқу орнынан кейінгі білімі – Новосибирск мемлекеттік университетінің аспирантурасы. Тарих ғылымының кандидаты

Г.Н.Балтабаева 1976 жылы Қазақ Мемлекеттік университетінің тарих факультетін бітірген соң жоғары оқу орнында, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының Қоғамдық ғылымдар бөлімшесінде ғылыми, педагогикалық, ғылыми-ұйымдастырушылық жұмыс жөнінен, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым департаментінде мемлекеттік жұмыс жөнінен жан-жақты мол тәжірибе жинақтаған.

Г.Н.Балтабаева диаспорология маманы ретінде, Ресей қазақтарының тарихы жөніндегі тұңғыш монографиялардың бірінің («Батыс Сібір қазақтары мен татарлары». Алматы: «Ғылым» баспасы,  1992 ж.) авторы саналады. Оның қаламынан шетел қазақтарының тарихы мен мәдениеті, олардың өз тарихи Отаны – Қазақстанмен берік байланысы туралы, сондай-ақ, отандық ғылым тарихы жөніндегі 100-ден астам мақалалар туды. 1998 жылы Г.Н.Балтабаева Омбы облысының қазақ ауылдарына жасалынған ғылыми экспедицияға жетекшілік етті. 2010 және 2011 жылдары ол Ресей, Тәжікстан, Қырғызстандағы этникалық    қазақтардың қазіргі әлеуметтік-экономикалық жағдайын және мәдени дамуын зерттеуге атсалысты.


Омарова Гүлсім, Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының анықтама - ақпарат бөлімінің меңгерушісі, кітапханашы

Омарова Гүлсім1962 жылы 7 қыркүйекте Қызылорда облысы Шиелі қыстағында туған. 1969-1979 жж. №45 қазақ орта мектебін бітірді. 1979-1983 жж. Алматы қаласындағы Қазақ мемлекеттік Қыздар педагогикалық институтының кітапханатану және библиография факультетін кітапханашы-библиограф мамандығы бойынша бітірді. 1983-1989 жж. Қызылорда облысы Шиелі аудандық орталықтандырылған кітапханада кітап қорын толықтыру бөлімінің редакторы, аға кітапханашы, бөлім меңгерушісі болып қызмет етті. 1989-1990 жж. Ақтау қаласындағы Маңғыстау энергокомбинатына қарасты № 262 балабақшада тәрбиеші болып қызмет етті. 1991-2008 жж. Алматы қаласындағы Мемлекеттік республикалық жасөспірімдер кітапханасында аға кітапханашы, әдіскер, әлеуметтанушы, оқу бөлімінің меңгерушісі, ғылыми-әдістемелік бөлімнің меңгерушісі, кітап қорын сақтау бөлімінің меңгерушісі қызметтерін атқарды. 
Алматы қаласы әкімінің, Алматы «Руханият» кәсіпкерлер одағының Құрмет грамоталарымен марапатталған.

 

Ертай Мәдина, Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының жалпы бөлімінің меңгерушісі

Ертай Мадина ЕсенбайқызыЕртай Мадина Есенбайқызы 1979 жылы 31 тамызда Оңтүстік Қазақстан облысы, Бәйдібек ауданы, Қошқарата ауылында дүниеге келген. 
1986 – 1996 жж. орта мектебін, 2000 – 2004 жж. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетін «аударма ісі» мамандығы бойынша бітірген. 
2005 – 2007 жж. осы мамандық бойынша аталған факультеттің магистратурасын тәмамдады. 
2004 –2005 жж. еларалық «Алтын бесік» журналында бөлім меңгерушісі, 2005 – 2009 жж. Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының құжат бөлімінде аудармашы болып жұмыс істеді. 2009 жылдан бастап Қауымдастықтың жалпы бөлім меңгерушісі. 


Жұртшыбаева Рысжан, Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының бас есепшісі

Жұртшыбаева Рысжан КамаладдинқызыЖұртшыбаева Рысжан Камаладдинқызы, 1959 жылы 24 наурызда Қызылорда қаласында туған. 1966 – 1976 жж. орта мектеп оқып бітірген. 1976 – 1977 жж. Аспандияров атындағы Медицина институтында, 1980 – 1983 жж. Семей қаласындағы финанс экономикалық техникумын тәмамдаған. 
1978 – 1985 жж. Финанс министрлігінің мемлекеттік сақтандыру ұйымында бас экономист, 1985 – 2000 жж. Қазақстан жазушылар одағында бас есепші, 2000 жылдан бері Қауымдастықтың бас есепшісі.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің "Құрмет" дипломымен марапатталған.

 



Бахыт Еженханұлы, Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ғылыми орталығының жетекшісі

Бахыт Еженханұлы 1962 жылы 12 қаңтарда Қытай Халық Республикасы Шыңжан-Ұйғыр автономиялық Республикасында туған. 1980-1984 жж.  Орталық ұлттар университетінде (Пекин қаласында)  тарих факультетін бітірген; қорған диссертация тақырыбы: «Қазақ халқының тарихдағы қоғамдық құрылымы». 1984-1987 жж.   Шыңжан университетінің (Үрімжі қаласында) тарих факультетінің магистрі. Қорғаған диссертация тақырыбы: «Цин патшалық дәуірінің соңғы кезеңінде Шығыс Іле аумағына қоныс аударған қазақтар және олардың әлеуметтік жағдайлары». 1987-1990 жж. Нанькин университетінде (Нанькин қаласында) тарих ғылымдарының докторы дәрежесін алған. Диссертация тақырыбы: «Моңғол-юань дәуірі қарсаңында Алтай таулары аумағындағы түркі тілдес тайпалар».

1991-1993 жж.  Шыңжан университеті, Орта Азия мәдениетін зерттеу институтында лектор, ассоц. Профессоры болып қызмет еткен.

1993 жылы Қазақстанға қоныс аударып, 2000 жылы Қазақстан Республикасының азаматтығын алған, 1993-1995 жж. ҚР ҰҒА, Ш. Уалиханов атындағы тарих және этнология институты және Р. Сүлейменов атындағы шығыстану институтында қызмет етті.

2001-2002 жж.   Қазақ еңбек және әлеуметтік қатынастар академиясы шығыстану кафедрасында қызмет етті.

2002-2003 жж.  Абылай хан атындағы қазақ әлем тілдері және  халықаралық байланыстар университетінің шығыстану факультетінде доцент болып қызмет етті.

2003 жылдан бастап     ҚР Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының қарамағындағы Азия және Тынық мұхиты бөлімінің меңгерушісі, бас ғылыми қызыметкер болып жұмыс істеп келеді.

Бахыт Еженханұлы бірнеше тілдерді меңгерген: көне қытай тілі мен мәнжу тілінде оқи алады; осы заман қытай тілі мен ағылшын тілінде еркін сөйлеп, жаза алады; орыс және ұйғыр тілдеріндегі әдебиеттерді пайдалана алады. Негізгі зерттеу саласы:  ІХ-XІV ғасырлардағы түркі тілдес елдердің тарихы; Орта Азия және Қазақстан тарихына қатысты қытай деректерін тану


ДҮНИЕЖҮЗІ ҚАЗАҚТАРЫНЫҢ ҚАУЫМДАСТЫҒЫ ЖАНЫНДАҒЫ БАСПАЛАР:

"Атажурт" баспасынын бас редакторы Рәсілов Серік Мырзақасымұлы

Рәсілов Серік Мырзақасымұлы 1956 жылы 15 қарашада Жамбыл облысының Меркі ауданында дүниеге келген. 1974 жылы №19 С.М.Киров атындағы қазақ орта мектебін бітірген соң Луговой ауданының Алғабас совхозында құрылысшы болып еңбек етті. 1976 жылы С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университеті Журналистика факультетінің дайындық бөліміне оқуға түсіп, университетті 1982 жылы бітіріп шықты. Университеттің соңғы курсында оқи жүріп, 1981 жылы республикалық «Лениншіл жас» газетіне тілшілік қызметке қабылданды. 1981 – 92 жылдары осы газетте тілші, аға тілші, бөлім меңгерушісі қызметтерін атқарды. 1992 – 95 жылдары республикалық «Атамекен» экологиялық газетінде бөлім меңгерушісі болып жұмыс істеді. Бұдан соң он жыл бойы жеке кәсіпкерлікпен айналысты. 2005 – 11 жылдары «Тоғанай-Т» және «Қазақпарат» баспаларында редакторлық қызмет атқарды. 2011 жылдың 1 Сәуірінен бастап Дүниежүзі қазақтары Қауымдастығына қарасты «Атажұрт» баспа орталығының  бас редакторы  болып қызмет етуде.

 

 

Мұқашева Жанар, "Туған тіл" алманағының жауапты хатшысыМұқашева Жанар

 

 

 

 

 

 

Мұратқызы СалтанатМұратқызы Салтанат, "Алтын бесік" журналының бөлім меңгерушісі

 

 

 

 


ДҮНИЕЖҮЗІ ҚАЗАҚТАРЫНЫҢ ҚАУЫМДАСТЫҒЫ ЖАНЫНДАҒЫ ОРТАЛЫҚТАР:

 

Дүниежүзі Қазақтар Қауымдастығы үйінің директоры Қанабеков СерікжанҚанабеков Серікжан

 

Қайрат Құлмұхамбет




Еркін ЕРГЕН – Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының жанындағы «Өнер» орталығының жетекшісі

Еркін 1965 жылы ақпанның бірі күні ҚХР Тарбағатай аймағы Шәуешек қаласында  дүниеге келген. 1972-1980 жж. Шаша ауылдық қазақ орта мектебін, 1980-1983 жж. Шаша ауылдық Мәдениет үйінде, 1983-1986 жж. Шәуешек қалалық Мәдениет үйінде әртіс қызметін атқарды.

Ол 1986-1989 жж. Іле қазақ автономиялық ауданының көркем өнерпаздар мектебін домбырашы мамандығымен тәмамдаған.  1992-1994 жж. жылы Құрманғазы атындағы Қазақтың мемлекеттік ұлттық консерваториясына стажировкадан өтіп, 1997-2003 жж. Осы консерваторияда арнайы домбырашы мамандығын игерді. 2002-2007 жж. «Отырар саз» оркестрінде күйші, 2007 жылдан бүгінге дейін Қорғаныс министрлігінің әскери ансамблінде күйші болып жемісті еңбек атқарып келеді.

         1982 жылғы сәуір айында Шыңжан өлкесі бойынша өткізілген халық аспаптарымен орындау  конкурсында 1 дәрежелі лауреат атанса, 1986 жылы желтоқсанда ҚХР Республикалық Пекинде өткен байқауда ІІ дәрежелі орынды иеленді.

1992 жылғы тамыз айында Түркия елінің Стамбул қаласында өткен XI кезекті түрік әлемінің «Картал» фестивалінде бас жүлдені жеңіп алды. Облыстық, республикалық, халықаралық байқаулардың жеті мәрте жеңімпазы. 

Еркіннің «Ақ тілек», «Оспан батырдың өсиеті», «Жеңеше», «Әсемпаз болма әрнеге» қатарлы елуден астам әндері, «Қоңыроба сазы», «Тамыз айы», «Асанқайғы аңызы», «Сырлы саз», «Жалғыз аққу» сияқты жиырмадан астам күйі қазақ радиосы мен телеарналарда орындалып, тыңдарман қауымның ыстық ықыласына бөленіп келеді. Көптеген әндері мен күйлері Қазақ радиосының алтын қорында сақтаулы.


Қайрат ҚҰЛ-МҰХАММЕД – Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының жанындағы «Өнер» орталығы жетекшісінің орынбасары

 

Кайрат 1966 жылы Алтай аймағының Жеменей ауданында Құлмұхаммедтің екінші баласы болып дүниеге келген. 1966-1973 жж. Аралығында отбасы тәрбиесінде, 1973-1983 жж. Жеменей 1-ші қазақ орта мектебінде оқыды.  1983-1987 жж. Жеменей аудандық Бестерек ауылдық мәдениет үйінде бастық, 1987-1990 жж. Шыңжан көркем өнер институтының бұқаралық мәдениет басқару мамандығын оқып бітірген. 1990-1992 жж. Шыңжан университетінің филология факультетін оқи жүріп 1988-2001 жж. Жеменей аудандық мәдениет мекемесінің бөлім бастығы қызметін атқарды. Осы қызметтермен қоса қоғамдық жұмыстарға да белсене араласты. Көптеген айтыстарда жүлденлі орындарға ие болды. Қытайда жүргенде Қайраттың еңбегін жоғары бағаланып, «Қытайдың осы заманғы әйгілі көркем өнершісі» (1998 ж) атағымен марапатталды.

            2001 жылғы тамыз айында атамекенге түбегейлі қоныс аударды.  Елге оралған соң да өз талантымен көзге түсті, халыққа танымал болды.

 

 

 

 

 
Пікірлер
Біздің сайтқа қандай баға бересіз?
Ауа райы
АСТАНА АЛМАТЫ
-22 -17