| Облыстық филиал басшылары |
|
Әділбаев Жұмәділ, Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының Шығыс Қазақстан облыстық филиалының бастығы
Ж. Әділбаевтың басшылығымен газет сан мәрте республикалық бәйгелердің жеңімпазы атанды. 2006 жылы Қазақстан Журналистикасы академиясының Алтын жұлдызымен, 2007 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің грантымен марапатталды. Ж. Әділбаев 2007 жылы белгілі жазушы, журналист Геннадий Толмачев атындағы сыйлықты жеңіп алды. Ж. Әділбаев Қазақстан Журналистер одағы облыстық бөлімшесінің төрағасы, көп жыл республика журналистер конгресі атқару комитетінің белсенді мүшесі болды. Мекен-жайы: Өскемен қ., Космос көшесі, 6/3
Әлімгерейұлы Өтепберген, Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының Атырау облыстық филиалының бастығы
Журналистикаға деген бала жастан бергі құмарлығы оны 1973 жылдың 15 мамырынан бастап бұқаралық ақпарат құралдары саласына түпкілікті араласуына негіз болады. 1973-1990 жылдары Атырау облыстық «Атырау» газетінде тілші, аға тілші, бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы қызметтерін атқарады. 1990 жылдан бері облыстық телевизияда бөлім меңгерушісі, бас редактор, продюсер, төрағаның орынбасары жұмыстарында болды, әлі де сонда істеп келеді. 1985-1987 жылдар аралығында Алматы Жоғары партия мектебінде оқыған. 1999-2000 жылдарда облыстық тарихи-өлкетану мұражайында және тарихи ескерткіштер мен мұраларды қорғау инспекциясында директор болып істеген. 2001 жылдан бері «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы» АҚ Атырау облыстық филиалында директордың орынбасары. Қоғамдық негізде Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы Атырау облыстық филиалының жетекшісі қызметін атқарады. Соңғы 20 жылда өлке тарихына осы өңірдің тарихи тұлғалары (ағартушы, ел қорғаған батырлар, ақын-жазушылар т.б.) туралы тұрақты қалам тартып келеді. Бүгінге дейін жеке өзінің 11 әдеби-публицистикалық кітаптары жарық көрген. Көптеген шығармашылық одақтардың жүлдегері Қазақстан Журналистер (1976 ж.), Жазушылар (2001 ж.) одақтарының және ҚР Жаратылыстану ғылымдары академиясының толық мүшесі, Х.Досмұхамбетов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің доценті, Махамбет атындағы сыйлықтың лауреаты. Мекен-жайы: Инд. 060005., Атырау қ, Ж.Молдағалиева көшесі, 29 үй "Атырау" газ.ред.
Губашев Асыланбек Зиннатұлы, Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының Батыс Қазақстан облыстық филиалының бастығы
А.Ғұбашев 2007 жылдың ақпан айынан «Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Батыс Қазақстан облыстық филиалының жетекшісі. Асыланбек Зиннатұлы облыстың қоғамдық өміріне белсенді араласып қоймай,осы тақырыпты журналистік қызметінде тұрақты арқау етті.Оның қазақ ұлтының салт-дәстүрі,тілі мен ділі туралы хабарлары қалың көрерменнің көңіліне жол тапты. «Айна» авторлық бағдарламасында ұлттың болмысына қатысты өзекті тақырыптар үнемі көтеріліп отырылды. Асыланбек Ғұбашевтың әсіресе, Астрахан және Сарытау қазақтарының өмірі туралы «Алыстағы ағайын», Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық Университетінде білім алатын Монғолия елінен келген қандастарымыз туралы «Қарлығашым, сәлемімді айта бар!» атты деректі телесуреттемелерінде қазақ диаспорасының атажұртқа деген ыстық ықыласы мен бауырмалдық тақырыбы көркем суреттелді. А.Ғұбашевтың 2003 жылы Қазақстанның Ресейдегі,2004 жылы Ресейдің Қазақстандағы жылдары шеңберінде Ақжайық өңірімен шекаралас Орынбор,Сарытау,Самарадағы қазақ диаспорасымен мәдени байланыстар орнатуға үлкен септігі тиді. Соның ішінде Самара аймағында тұратын қазақтардың «Ақжол» ұлттық-мәдени автономиясының шараларына көмегі өлшеусіз. Осы автономияның мәдени шараларына Батыс Қазақстан облысы әкімшілігінің үлкен қолдауымен түрлі концерттік шаралар өткізуіне ықпалы болды.Осы мәдени байланыстар облыстық мұражайдың көрмелері,ұлттық өнер көрмелеріне ұласты. «Қазақстан Орал» теларнасының түсірген «Абай мен Пушкин» атты телетүсірілімінің көрсетілімі Самара қаласында өткізілді. «Қазақстан» мәдени қорының қолдауымен 2006 жылы Самараның «Современник» кинотеатрында «Көшпенділер» фильмінің тұсаукесері ұйымдастырылды. «Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Батыс Қазақстан облыстық филиалының бастамасымен Самара облысының Пестрав ауданымен Батыс Қазақстан облысының Тасқала аудандары арасында мәдени-экономикалық келісім-шарт жасалып, көршілес аудандардың байланысы беки түсті. «Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы» республикалық қоғамдық бірлестігінің жаңадан құрылған Батыс Қазақстан облыстық филиалының алдында үлкен міндеттер тұр. Бұл «Жаңа әлемдегі Жаңа Қазақстан» атты Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы мен Қазақтардың ІІІ Дүниежүзілік құрылтайында сөйлеген сөзіндегі міндеттерді жүзеге асыру болып табылады. А.Ғұбашев «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне - 10 жыл» «Қазақстан Республикасының Конституциясына -10 жыл» мерекелік медальдарымен және «Қазақстан» Республикалық телерадиокорпорациясы» АҚ-ының «Алтын жаршы» белгісімен марапатталған. Мекен-жайы: Орал қ., Арал көшесі, 6 үй
Заут Болат, Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының Павлодар облыстық филиалының бастығы
1996 жылы 15 ақпанда тарихи отанына қоныс аударған, Павлодар облысы Ақсу қаласына қоныстанып, жеке кәсіпкерлікпен айналысқан. 2000 жылы Павлодар қаласына көшіп, «Атыгай» ЖШС фирмасында менеджер, 2001-2006 жылдары оралмандардың «Асар» республикалық қоғамдық бірлестігінің Павлодар облыстық филиалы төрағасының орынбасары, заңгер-кеңесшісі қызметтерін атқарды. 2006 жылы 6 наурыздан Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының Павлодар облыстық филиалының жетекшісі қызметін атқарып келеді. 2007 жылы Қазақ құқықтану және халықаралық қатынастар институтын бітіріп, заңгер мамандығына ие болды. Мекен-жайы: инд.140000. Павлодар қ. Қайырбаев көшесі 32 үй, офис 126 Қонысбек Байдулла, Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының Оңтүстік Қазақстан облысының аймақтық филиалының бастығы
«Құрмет белгісі» орденінің, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Облыс әкімінің «Бауырмал» сыйлығына, «Зерде» стипендиясына ие болған. «2003 жылдың үздік журналисі», «Бәйдібек ауданының Құрметті азаматы», Қазақстанның Құрметті журналисі. 2008 жылдан Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының Оңтүстік Қазақстан аймақтық филиалының бастығы. Мекен-жайы: Шымкент қ., Дулати көшесі, 203А ., 301 каб. Салмұрзин Сағындық, Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының Солтүстік Қазақстан облыстық филиалының бастығы
Қызметті Карл Маркс атындағы совхоздың бірінші бөлімшесінде веттехник ретінде бастадым. 1977жылдан 1985жылға дейін аудандық комсомол, партия комитеттерінде қызмет атқардым. Содан кейін, Павлодар қаласында облыстық ауылшаруашылық басқармасында маман, ВАСХНИЛ шығыс бөлімінің ғылыми-зерттеу стансасында аға ғылыми қызметкері ретінде, Бүкілодақ гельминтология институтының (Москва) аспирантурасын 1992жылы сырттай бітірдім, «Арғын» (қазақ қолөнерін жандандыру мақсатында) ғылыми-зерттеу, эксперименталды-өндірістік мекеменің ұйымдастырушысы, «Жанбай» фирмасының директоры,Павлодар қалалық әкімділігінің мемлекеттік-құқық және ұйымдастыру-бақылау бөлімінің меңгерушісі лауазымын атқардым. Солтүстік Қазақстан облысында мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министірлігінің облыс бойынша басқармасында тіл саясаты, БАҚ, әлеуметтік технологиялар бөлімдерінде бас маман болып, облыстық мемлекеттік тіл дамыту комитетінің төраға орынбасары қызметін атқардым. Садан кейін, «Асар» партиясының облыстық филиалының ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі, «Ұрпақ» қазақ мәдени-ағарту орталығы» қоғамдық бірлестігінің атқарушы директоры болып істедім. Қазіргі уақытта Дүниежүзі Қазақтарының Қауымдастығының Солтүстік Қазақстан облыстық филиалының бастығы қызметін атқарудамын. Шекаралас ресей облыстарындағы тұратын қазақтардың балаларына Көкшетау өңірінде жазғы демалыстарын өткізуге жәрдем беріп отырамыз. Істеліп жатқан көптеген мәдени-ағарту шаралардың нәтижесінде ресейлік баурларымыздың ризалығын көріп, алғысхаттарын алып отырамыз. Қазіргі уахытта бірлесіп жоспарлаған сан-түрлі бағдармалармен проект- жобалар әзірленуде. Мекен-жайы: Петропавл қаласы, Қазақстан Конституциясы көшесі, 27., "Достық үйі" каб 13
Түсіпбаев Мұрат, Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының Астана қаласы филиалының бастығы 2005 жылдың қыркүйек айынан бастап Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының Астана қаласындағы филиалына жетекшілік етеді. Мекен-жайы: Астана қаласы, Алматы ауданы: Манас көшесі, 57 үй Астана қаласы филиалының ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі: Теңізбаева Маржан 8-701-5218038, 8-701-3335544, 8 (7172) 413028, 205367 |