Сайт бойынша іздеу

Біз туралы

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының құрылымы

ДҮНИЕЖҮЗІ ҚАЗАҚТАРЫ ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ

Дүние жүзі қазақтарының IV Құрылтайы 2011 жылы маусым айында Астана қаласында болып өтті. Осы Құрылтайда:

Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы Төралқа төрағасы болып Н.Ә.Назарбаев сайланды. 

Назарбаев Нұрсұлтан Әбішұлы

Төралқа мүшелері – Назарбаев Нұрсұлтан (Қазақстан), Мамашев Талғат (Қазақстан), Балғабаев Сұлтанәлі (Қазақстан), Дүсенбаев Тоқтарбай (Ресей), Абдулқаюм Кесижи (Еуропа). 

ДҮНИЕЖҮЗІ ҚАЗАҚТАРЫ ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ АППАРАТЫ:

 Мамашев Талғат Асылұлы, Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы Төралқа төрағасының бірінші орынбасары, "Туған тіл" альманағының бас редакторы

Мамашев Талғат Асылұлы14.10.1948 ж., Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданындағы Байсерке ауылында туған. 
Т.Мамашев Қазақ Ұлттық Мемлекеттік университетін, Алматы халық шаруашылығы институтын және Саясаттану институтын бітірген. Тарихшы, саясаттанушы, экономист.
Еңбек жолын 1966-1973 жылдары Алматы мақта-мата комбинатында электрик, комсомол комитетінің хатшысы болып бастаған. 1973-1975 жылдары Алматы қаласының Калинин аудандық комсомол комитетінің хатшысы, бірінші хатшысы, 1975-1979 жылдары Алматы қалалық комсомол комитетінің бірінші хатшысы, 1979-1984 жылдары Әуезов аудандық ауатком төрағасының бірінші орынбасары, 1985-1991 жылдары Алматы қалалық Калинин аупарткомының бірінші хатшысы. 1991-1994 жылдары Алматы облыстық партия комитетінің хатшысы, облатком төрағасының орынбасары, облыс әкімінің орынбасары. 1994-1997 жылдары Қазақстан Республикасының Мәдениет министрі. 1990-2004 жылдары Мәдениетті қолдау ұлттық қорының басқармасының төрағасы. 
Т.Мамашев Абайдың және Жамбылдың 150 жылдық мерейтойларын тікелей өзі басқарып үлкен дәрежеде өткізді. 
Дүниежүзі қазақтарының I Құрылтайына белсене ат салысып, Ш Құрылтайын абыройлы да іскерлік жағдайда атқарды. Көптеген халықаралық жиындар мен фестивальдерді ұйымдастырып, еліміздің шетелге танылуына ерекше еңбегін сіңірді. Қазақстанның мәдениетіне үлкен үлес қосқан қоғам қайраткері.
Қазақ ССР Жоғары Кеңесінің Құрмет грамотасымен, (1971 ж) «Құрмет белгісі» орденімен (1975 ж), "Шыңғыс хан" медалімен (2006), "Құрмет" орденімен (2007ж), және басқа да медальдармен марапатталған
2004 жылдан «Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Төралқа төрағасының бірінші орынбасары


  Балғабаев Сұлтанәлі Базарбайұлы, Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы Төралқа төрағасының орынбасары

Балғабаев Сұлтанәлі БазарбайұлыБалғабаев Сұлтанәлі Базарбайұлы 1946 жылы мамыр айының 21 күні Қызылорда облысының қазіргі Мұстафа Шоқай ауылында дүниеге келген.
Ол еңбек жолы 1964 жылы туған ауылында шопан болудан басталған. 1971 жылы Қазақтың мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірген. «Бастау», «Жұлдызың жансын!», «Алтын сағым», «Құм мен қызғалдақ», «Шөл», «Дала мен дария», "Красная гармоны", "Тойдан қайтқан қазақтар", "Сағыныш пен елес", "Менің әжем сиқыршы", "Өтірік айтпайтын адам" атты прозалық кітаптардың авторы.
С.Балғабаев драматургия саласында да жемісті еңбек етіп жүр. Оның қаламынан туған «Ең әдемі келіншек», «Тойдан қайтқан қазақтар», «Ғашықсыз ғасыр», «Қыз жиырмаға толғанда», «Қазақша күрес», «Біз де ғашық болғанбыз» және басқа да пьесалары М.Әуезов атындағы академиялық театрда, Ғ.Мүсірепов атындағы жастар мен балалар театрында және еліміздің облыстық театрларында қойылған.
С.Балғабаев қазақ халқының ұлттық рухани мәселелері, ана тілдің тағдыры, әдебиет пен өнердің бүгіні мен болашағы туралы көптеген публицистикалық мақалалар жазған. Бұл шығармалары 1998 жылы «Қазақтың қызыл кітабы» деген атпен жеке жинақ болып шыққан.
Ол 1992 жылдан бері Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы Төралқасы төрағасының орынбасары қызметін үзбей атқарып келеді. Осы қызметіне орай С.Балғабаев Әлем қазақтарының Алматы, Түркістан және Астана қалаларында өткен үш Құрылтайын ұйымдастыруға ат салысты. Соңғы Құрылтайда Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының Төралқа мүшесі болып сайланды.
С.Балғабаев шетелдегі қазақтарға арналған еларалық «Алтын бесік» журналын шығаруда да жемісті еңбек етіп жүр. Жоғарыдағы еңбектері бағаланып "Құрмет" орденімен, Қазақстанның 10 жылдығы, Астананың 10 жылдығы медальдармен марапатталған. Ол халықаралық "Алаш" сыйлығының лауреаты.


Уатқан Ботагөз, Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі

Уатқан Ботагөз1956 жылы 15 мамырда туған. 
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің филология факультетін, Монғолия Халық Революцияшыл Партиясы Орталық Комитеті жанындағы партия жоғары мектебін, экономикалық білімін жетілдіру мақсатында екі жылдық Халық университетін оқып бітірген.
1978-1980 ж. Бай-Өлке аймағында орта мектептің мұғалімі, 1980-1991 ж. Моңғолияның астанасы Уланбатыр қаласында Моңғолия Революцияшыл Жастар Одағы Орталық Комитетінде (бұдан былай МРЖО ОК) нұсқаушы, әдістеме кабинетінің меңгерушісі, 1992–1994 жж. Монғолия еңбек министрлігінің Қазақстандағы өкілдігінде ұйымдастырушы қызметтерін атқарған.
1994 жылдан Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығында қызмет атқарып келеді.
Б. Уатқан II дәрежелі "Достық" орден иесі.

 

Балтабаева Гүлғазира Нұранқызы,  «Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы» республикалық қоғамдық бірлестігі Талдау орталығының директоры

Білімі: жоғары, С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университеті (қазір – Аль-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті). Жоғары оқу орнынан кейінгі білімі – Новосибирск мемлекеттік университетінің аспирантурасы. Тарих ғылымының кандидаты

Г.Н.Балтабаева 1976 жылы Қазақ Мемлекеттік университетінің тарих факультетін бітірген соң жоғары оқу орнында, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының Қоғамдық ғылымдар бөлімшесінде ғылыми, педагогикалық, ғылыми-ұйымдастырушылық жұмыс жөнінен, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым департаментінде мемлекеттік жұмыс жөнінен жан-жақты мол тәжірибе жинақтаған.

Г.Н.Балтабаева диаспорология маманы ретінде, Ресей қазақтарының тарихы жөніндегі тұңғыш монографиялардың бірінің («Батыс Сібір қазақтары мен татарлары». Алматы: «Ғылым» баспасы,  1992 ж.) авторы саналады. Оның қаламынан шетел қазақтарының тарихы мен мәдениеті, олардың өз тарихи Отаны – Қазақстанмен берік байланысы туралы, сондай-ақ, отандық ғылым тарихы жөніндегі 100-ден астам мақалалар туды. 1998 жылы Г.Н.Балтабаева Омбы облысының қазақ ауылдарына жасалынған ғылыми экспедицияға жетекшілік етті. 2010 және 2011 жылдары ол Ресей, Тәжікстан, Қырғызстандағы этникалық    қазақтардың қазіргі әлеуметтік-экономикалық жағдайын және мәдени дамуын зерттеуге атсалысты.


Омарова Гүлсім, Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының анықтама - ақпарат бөлімінің меңгерушісі, кітапханашы

Омарова Гүлсім1962 жылы 7 қыркүйекте Қызылорда облысы Шиелі қыстағында туған. 1969-1979 жж. №45 қазақ орта мектебін бітірді. 1979-1983 жж. Алматы қаласындағы Қазақ мемлекеттік Қыздар педагогикалық институтының кітапханатану және библиография факультетін кітапханашы-библиограф мамандығы бойынша бітірді. 1983-1989 жж. Қызылорда облысы Шиелі аудандық орталықтандырылған кітапханада кітап қорын толықтыру бөлімінің редакторы, аға кітапханашы, бөлім меңгерушісі болып қызмет етті. 1989-1990 жж. Ақтау қаласындағы Маңғыстау энергокомбинатына қарасты № 262 балабақшада тәрбиеші болып қызмет етті. 1991-2008 жж. Алматы қаласындағы Мемлекеттік республикалық жасөспірімдер кітапханасында аға кітапханашы, әдіскер, әлеуметтанушы, оқу бөлімінің меңгерушісі, ғылыми-әдістемелік бөлімнің меңгерушісі, кітап қорын сақтау бөлімінің меңгерушісі қызметтерін атқарды. 
Алматы қаласы әкімінің, Алматы «Руханият» кәсіпкерлер одағының Құрмет грамоталарымен марапатталған.

 

Ертай Мәдина, Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының жалпы бөлімінің меңгерушісі

Ертай Мадина ЕсенбайқызыЕртай Мадина Есенбайқызы 1979 жылы 31 тамызда Оңтүстік Қазақстан облысы, Бәйдібек ауданы, Қошқарата ауылында дүниеге келген. 
1986 – 1996 жж. орта мектебін, 2000 – 2004 жж. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетін «аударма ісі» мамандығы бойынша бітірген. 
2005 – 2007 жж. осы мамандық бойынша аталған факультеттің магистратурасын тәмамдады. 
2004 –2005 жж. еларалық «Алтын бесік» журналында бөлім меңгерушісі, 2005 – 2009 жж. Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының құжат бөлімінде аудармашы болып жұмыс істеді. 2009 жылдан бастап Қауымдастықтың жалпы бөлім меңгерушісі. 


Жұртшыбаева Рысжан, Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының бас есепшісі

Жұртшыбаева Рысжан КамаладдинқызыЖұртшыбаева Рысжан Камаладдинқызы, 1959 жылы 24 наурызда Қызылорда қаласында туған. 1966 – 1976 жж. орта мектеп оқып бітірген. 1976 – 1977 жж. Аспандияров атындағы Медицина институтында, 1980 – 1983 жж. Семей қаласындағы финанс экономикалық техникумын тәмамдаған. 
1978 – 1985 жж. Финанс министрлігінің мемлекеттік сақтандыру ұйымында бас экономист, 1985 – 2000 жж. Қазақстан жазушылар одағында бас есепші, 2000 жылдан бері Қауымдастықтың бас есепшісі.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің "Құрмет" дипломымен марапатталған.

 



Бахыт Еженханұлы, Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ғылыми орталығының жетекшісі

Бахыт Еженханұлы 1962 жылы 12 қаңтарда Қытай Халық Республикасы Шыңжан-Ұйғыр автономиялық Республикасында туған. 1980-1984 жж.  Орталық ұлттар университетінде (Пекин қаласында)  тарих факультетін бітірген; қорған диссертация тақырыбы: «Қазақ халқының тарихдағы қоғамдық құрылымы». 1984-1987 жж.   Шыңжан университетінің (Үрімжі қаласында) тарих факультетінің магистрі. Қорғаған диссертация тақырыбы: «Цин патшалық дәуірінің соңғы кезеңінде Шығыс Іле аумағына қоныс аударған қазақтар және олардың әлеуметтік жағдайлары». 1987-1990 жж. Нанькин университетінде (Нанькин қаласында) тарих ғылымдарының докторы дәрежесін алған. Диссертация тақырыбы: «Моңғол-юань дәуірі қарсаңында Алтай таулары аумағындағы түркі тілдес тайпалар».

1991-1993 жж.  Шыңжан университеті, Орта Азия мәдениетін зерттеу институтында лектор, ассоц. Профессоры болып қызмет еткен.

1993 жылы Қазақстанға қоныс аударып, 2000 жылы Қазақстан Республикасының азаматтығын алған, 1993-1995 жж. ҚР ҰҒА, Ш. Уалиханов атындағы тарих және этнология институты және Р. Сүлейменов атындағы шығыстану институтында қызмет етті.

2001-2002 жж.   Қазақ еңбек және әлеуметтік қатынастар академиясы шығыстану кафедрасында қызмет етті.

2002-2003 жж.  Абылай хан атындағы қазақ әлем тілдері және  халықаралық байланыстар университетінің шығыстану факультетінде доцент болып қызмет етті.

2003 жылдан бастап     ҚР Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының қарамағындағы Азия және Тынық мұхиты бөлімінің меңгерушісі, бас ғылыми қызыметкер болып жұмыс істеп келеді.

Бахыт Еженханұлы бірнеше тілдерді меңгерген: көне қытай тілі мен мәнжу тілінде оқи алады; осы заман қытай тілі мен ағылшын тілінде еркін сөйлеп, жаза алады; орыс және ұйғыр тілдеріндегі әдебиеттерді пайдалана алады. Негізгі зерттеу саласы:  ІХ-XІV ғасырлардағы түркі тілдес елдердің тарихы; Орта Азия және Қазақстан тарихына қатысты қытай деректерін тану


ДҮНИЕЖҮЗІ ҚАЗАҚТАРЫНЫҢ ҚАУЫМДАСТЫҒЫ ЖАНЫНДАҒЫ БАСПАЛАР:

"Атажурт" баспасынын бас редакторы Рәсілов Серік Мырзақасымұлы

Рәсілов Серік Мырзақасымұлы 1956 жылы 15 қарашада Жамбыл облысының Меркі ауданында дүниеге келген. 1974 жылы №19 С.М.Киров атындағы қазақ орта мектебін бітірген соң Луговой ауданының Алғабас совхозында құрылысшы болып еңбек етті. 1976 жылы С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университеті Журналистика факультетінің дайындық бөліміне оқуға түсіп, университетті 1982 жылы бітіріп шықты. Университеттің соңғы курсында оқи жүріп, 1981 жылы республикалық «Лениншіл жас» газетіне тілшілік қызметке қабылданды. 1981 – 92 жылдары осы газетте тілші, аға тілші, бөлім меңгерушісі қызметтерін атқарды. 1992 – 95 жылдары республикалық «Атамекен» экологиялық газетінде бөлім меңгерушісі болып жұмыс істеді. Бұдан соң он жыл бойы жеке кәсіпкерлікпен айналысты. 2005 – 11 жылдары «Тоғанай-Т» және «Қазақпарат» баспаларында редакторлық қызмет атқарды. 2011 жылдың 1 Сәуірінен бастап Дүниежүзі қазақтары Қауымдастығына қарасты «Атажұрт» баспа орталығының  бас редакторы  болып қызмет етуде.

 

 

Мұқашева Жанар, "Туған тіл" алманағының жауапты хатшысыМұқашева Жанар

 

 

 

 

 

 

Мұратқызы СалтанатМұратқызы Салтанат, "Алтын бесік" журналының бөлім меңгерушісі

 

 

 

 


ДҮНИЕЖҮЗІ ҚАЗАҚТАРЫНЫҢ ҚАУЫМДАСТЫҒЫ ЖАНЫНДАҒЫ ОРТАЛЫҚТАР:

 

Дүниежүзі Қазақтар Қауымдастығы үйінің директоры Қанабеков СерікжанҚанабеков Серікжан

 

Қайрат Құлмұхамбет




Еркін ЕРГЕН – Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының жанындағы «Өнер» орталығының жетекшісі

Еркін 1965 жылы ақпанның бірі күні ҚХР Тарбағатай аймағы Шәуешек қаласында  дүниеге келген. 1972-1980 жж. Шаша ауылдық қазақ орта мектебін, 1980-1983 жж. Шаша ауылдық Мәдениет үйінде, 1983-1986 жж. Шәуешек қалалық Мәдениет үйінде әртіс қызметін атқарды.

Ол 1986-1989 жж. Іле қазақ автономиялық ауданының көркем өнерпаздар мектебін домбырашы мамандығымен тәмамдаған.  1992-1994 жж. жылы Құрманғазы атындағы Қазақтың мемлекеттік ұлттық консерваториясына стажировкадан өтіп, 1997-2003 жж. Осы консерваторияда арнайы домбырашы мамандығын игерді. 2002-2007 жж. «Отырар саз» оркестрінде күйші, 2007 жылдан бүгінге дейін Қорғаныс министрлігінің әскери ансамблінде күйші болып жемісті еңбек атқарып келеді.

         1982 жылғы сәуір айында Шыңжан өлкесі бойынша өткізілген халық аспаптарымен орындау  конкурсында 1 дәрежелі лауреат атанса, 1986 жылы желтоқсанда ҚХР Республикалық Пекинде өткен байқауда ІІ дәрежелі орынды иеленді.

1992 жылғы тамыз айында Түркия елінің Стамбул қаласында өткен XI кезекті түрік әлемінің «Картал» фестивалінде бас жүлдені жеңіп алды. Облыстық, республикалық, халықаралық байқаулардың жеті мәрте жеңімпазы. 

Еркіннің «Ақ тілек», «Оспан батырдың өсиеті», «Жеңеше», «Әсемпаз болма әрнеге» қатарлы елуден астам әндері, «Қоңыроба сазы», «Тамыз айы», «Асанқайғы аңызы», «Сырлы саз», «Жалғыз аққу» сияқты жиырмадан астам күйі қазақ радиосы мен телеарналарда орындалып, тыңдарман қауымның ыстық ықыласына бөленіп келеді. Көптеген әндері мен күйлері Қазақ радиосының алтын қорында сақтаулы.


Қайрат ҚҰЛ-МҰХАММЕД – Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының жанындағы «Өнер» орталығы жетекшісінің орынбасары

 

Кайрат 1966 жылы Алтай аймағының Жеменей ауданында Құлмұхаммедтің екінші баласы болып дүниеге келген. 1966-1973 жж. Аралығында отбасы тәрбиесінде, 1973-1983 жж. Жеменей 1-ші қазақ орта мектебінде оқыды.  1983-1987 жж. Жеменей аудандық Бестерек ауылдық мәдениет үйінде бастық, 1987-1990 жж. Шыңжан көркем өнер институтының бұқаралық мәдениет басқару мамандығын оқып бітірген. 1990-1992 жж. Шыңжан университетінің филология факультетін оқи жүріп 1988-2001 жж. Жеменей аудандық мәдениет мекемесінің бөлім бастығы қызметін атқарды. Осы қызметтермен қоса қоғамдық жұмыстарға да белсене араласты. Көптеген айтыстарда жүлденлі орындарға ие болды. Қытайда жүргенде Қайраттың еңбегін жоғары бағаланып, «Қытайдың осы заманғы әйгілі көркем өнершісі» (1998 ж) атағымен марапатталды.

            2001 жылғы тамыз айында атамекенге түбегейлі қоныс аударды.  Елге оралған соң да өз талантымен көзге түсті, халыққа танымал болды.

 

 

 

 

 
Облыстық филиал басшылары

Әділбаев Жұмәділ, Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының Шығыс Қазақстан облыстық филиалының бастығы

Әділбаев Жұмәділ1946 жылға 22 сәуірде Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы Манат ауылында туған. 1964 жылы Өскемендегі Жамбыл атындағы орта мектепті бітірген соң облыстық «Дидар» газетінде еңбек жолын бастады. Алғашқы жарты жыл аға корректор, онан кейінгі уақытта әдеби қызметкер, жауапты хатшының орынбасары, бірнеше бөлім меңгерушісі, редакциялық алқа мүшесі болды. 1978 – 1983 жылдар аралығында облыстық партия комитетінде нұсқаушы қызметін атқарды. 1983 жылы облыстық газеттің редакторлығына тағайындалды. 1985 -1990 жылдары облыстық партия комитетінің идеология бөлімінің меңгерушілігіне бекітілді. 1990 жылғы ақпаннан бері облыстық «Дидар» газетінің редакциясын басқарып келеді.

Ж. Әділбаевтың басшылығымен газет сан мәрте республикалық бәйгелердің жеңімпазы атанды. 2006 жылы Қазақстан Журналистикасы академиясының Алтын жұлдызымен, 2007 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің грантымен марапатталды.

Ж. Әділбаев 2007 жылы белгілі жазушы, журналист Геннадий Толмачев атындағы сыйлықты жеңіп алды.

Ж. Әділбаев Қазақстан Журналистер одағы облыстық бөлімшесінің төрағасы, көп жыл республика журналистер конгресі атқару комитетінің белсенді мүшесі болды.

Мекен-жайы: Өскемен қ., Космос көшесі, 6/3
Тел.: 8 (7232) 472434, 8-777-2129896, факс: 471538
 

 

Әлімгерейұлы Өтепберген, Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының Атырау облыстық филиалының бастығы

Әлімгерейұлы Өтепберген1949 жылы мамырдың 26-сында Атырау облысының Құрманғазы ауданындағы Дыңғызыл округінде дүниеге келген. Орта мектепті тәмамдаған соң Алматыдағы Абай атындағы педагогикалық институтына түсіп, филология факультетін 1972 жылы бітіреді де Маңғыстау облысының Бейнеу ауданындағы Ақжігіт орта мектебінде бір жылға жуық өз мамандығы бойынша еңбек етеді.

Журналистикаға деген бала жастан бергі құмарлығы оны 1973 жылдың 15 мамырынан бастап бұқаралық ақпарат құралдары саласына түпкілікті араласуына негіз болады. 1973-1990 жылдары Атырау облыстық «Атырау» газетінде тілші, аға тілші, бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы қызметтерін атқарады. 1990 жылдан бері облыстық телевизияда бөлім меңгерушісі, бас редактор, продюсер, төрағаның орынбасары жұмыстарында болды, әлі де сонда істеп келеді.

1985-1987 жылдар аралығында Алматы Жоғары партия мектебінде оқыған. 1999-2000 жылдарда облыстық тарихи-өлкетану мұражайында және тарихи ескерткіштер мен мұраларды қорғау инспекциясында директор болып істеген. 2001 жылдан бері «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы» АҚ Атырау облыстық филиалында директордың орынбасары. Қоғамдық негізде Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы Атырау облыстық филиалының жетекшісі қызметін атқарады.

Соңғы 20 жылда өлке тарихына осы өңірдің тарихи тұлғалары (ағартушы, ел қорғаған батырлар, ақын-жазушылар т.б.) туралы тұрақты қалам тартып келеді. Бүгінге дейін жеке өзінің 11 әдеби-публицистикалық кітаптары жарық көрген. 

Көптеген шығармашылық одақтардың жүлдегері Қазақстан Журналистер (1976 ж.), Жазушылар (2001 ж.) одақтарының және ҚР Жаратылыстану ғылымдары академиясының толық мүшесі, Х.Досмұхамбетов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің доценті, Махамбет атындағы сыйлықтың лауреаты. 

Мекен-жайы: Инд. 060005., Атырау қ, Ж.Молдағалиева көшесі, 29 үй "Атырау" газ.ред.
Тел.: 8 (7122) 458524, 458597, 8-701-5778206

 

Губашев Асыланбек Зиннатұлы, Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының Батыс Қазақстан облыстық филиалының бастығы

Губашев Асыланбек1967 жылы 13-ші тамызда Батыс Қазақстан облысының Казталов ауданы Нұрсай ауылында дүниеге келді. 1984 жылы Казталов ауылындағы Алма Оразбаева атындағы орта мектепті ойдағыдай аяқтағаннан кейін С.Киров атындағы Қазақ Мемлекеттік Университетінің журналистика факультетіне оқуға түседі. Осы оқу орынын 1989 жылы тәмәмдағаннан кейін Батыс Қазақстан облыстық телерадио компаниясына жастар хабарының редакторы болып жұмысқа қабылданады. Осы ұжымда аға редактор, қазақ хабарлары редакциясының бас редакторы болып жұмыс жасайды. 2001 жылдан «Қазақстан» Республикалық телерадиокорпорациясы» АҚ-ы Батыс Қазақстан облыстық филиалының директоры.

А.Ғұбашев 2007 жылдың ақпан айынан «Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Батыс Қазақстан облыстық филиалының жетекшісі. Асыланбек Зиннатұлы облыстың қоғамдық өміріне белсенді араласып қоймай,осы тақырыпты журналистік қызметінде тұрақты арқау етті.Оның қазақ ұлтының салт-дәстүрі,тілі мен ділі туралы хабарлары қалың көрерменнің көңіліне жол тапты. «Айна» авторлық бағдарламасында ұлттың болмысына қатысты өзекті тақырыптар үнемі көтеріліп отырылды. Асыланбек Ғұбашевтың әсіресе, Астрахан және Сарытау қазақтарының өмірі туралы «Алыстағы ағайын», Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық Университетінде білім алатын Монғолия елінен келген қандастарымыз туралы «Қарлығашым, сәлемімді айта бар!» атты деректі телесуреттемелерінде қазақ диаспорасының атажұртқа деген ыстық ықыласы мен бауырмалдық тақырыбы көркем суреттелді.

А.Ғұбашевтың 2003 жылы Қазақстанның Ресейдегі,2004 жылы Ресейдің Қазақстандағы жылдары шеңберінде Ақжайық өңірімен шекаралас Орынбор,Сарытау,Самарадағы қазақ диаспорасымен мәдени байланыстар орнатуға үлкен септігі тиді. Соның ішінде Самара аймағында тұратын қазақтардың «Ақжол» ұлттық-мәдени автономиясының шараларына көмегі өлшеусіз. Осы автономияның мәдени шараларына Батыс Қазақстан облысы әкімшілігінің үлкен қолдауымен түрлі концерттік шаралар өткізуіне ықпалы болды.Осы мәдени байланыстар облыстық мұражайдың көрмелері,ұлттық өнер көрмелеріне ұласты. «Қазақстан Орал» теларнасының түсірген «Абай мен Пушкин» атты телетүсірілімінің көрсетілімі Самара қаласында өткізілді. «Қазақстан» мәдени қорының қолдауымен 2006 жылы Самараның «Современник» кинотеатрында «Көшпенділер» фильмінің тұсаукесері ұйымдастырылды. «Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Батыс Қазақстан облыстық филиалының бастамасымен Самара облысының Пестрав ауданымен Батыс Қазақстан облысының Тасқала аудандары арасында мәдени-экономикалық келісім-шарт жасалып, көршілес аудандардың байланысы беки түсті.

«Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы» республикалық қоғамдық бірлестігінің жаңадан құрылған Батыс Қазақстан облыстық филиалының алдында үлкен міндеттер тұр. Бұл «Жаңа әлемдегі Жаңа Қазақстан» атты Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы мен Қазақтардың ІІІ Дүниежүзілік құрылтайында сөйлеген сөзіндегі міндеттерді жүзеге асыру болып табылады.

А.Ғұбашев «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне - 10 жыл» «Қазақстан Республикасының Конституциясына -10 жыл» мерекелік медальдарымен және «Қазақстан» Республикалық телерадиокорпорациясы» АҚ-ының «Алтын жаршы» белгісімен марапатталған.

Мекен-жайы: Орал қ., Арал көшесі, 6 үй
Тел.: 8 (7112) 514151, 8-777-1430777
Электронды пошта: Этот e-mail адрес защищен от спам-ботов, для его просмотра у Вас должен быть включен Javascript  

 

Заут Болат, Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының Павлодар облыстық филиалының бастығы

Заут Болат1962 жылы Моңғолия Республикасының Қобда аймағында дүниеге келген. Қобда қаласында орта мектепті бітіріп, 1980 жылы Ұланбатыр қаласындағы әскери институтына оқуға түсіп, оны 1984 жылы бітірген. 1984-1995 жылдар аралығында – әскер полкында рота командирі, штаб бастығы, Қобда аймағының әскери комиссарының орынбасары, азаматтық қорғаныс штабының бастығы. Әскери шені – майор.

1996 жылы 15 ақпанда тарихи отанына қоныс аударған, Павлодар облысы Ақсу қаласына қоныстанып, жеке кәсіпкерлікпен айналысқан. 2000 жылы Павлодар қаласына көшіп, «Атыгай» ЖШС фирмасында менеджер, 2001-2006 жылдары оралмандардың «Асар» республикалық қоғамдық бірлестігінің Павлодар облыстық филиалы төрағасының орынбасары, заңгер-кеңесшісі қызметтерін атқарды.

2006 жылы 6 наурыздан Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының Павлодар облыстық филиалының жетекшісі қызметін атқарып келеді.

2007 жылы Қазақ құқықтану және халықаралық қатынастар институтын бітіріп, заңгер мамандығына ие болды. 

Мекен-жайы: инд.140000. Павлодар қ. Қайырбаев көшесі 32 үй, офис 126
Тел.: 8 (7182) 324857, 8-702-6028888

 

Қонысбек Байдулла, Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының Оңтүстік Қазақстан облысының аймақтық филиалының бастығы

Қонысбек БайдуллаБайдулла Қонысбек – 1941 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Бәйдібек ауданында туған. Қазақ Мемлекеттік университетін 1966 жылы бітіргеннен кейін «Оңтүстік Қазақстан» газетінде аудармашы, тілші, аға тілші, жауапты хатшының орынбасары, бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы қызметтерін атқарды. 1985–1987 жж. Қазақстан Компартиясы Шымкент облыстық комитетінде нұсқаушы, насихат және үгіт бөлімі меңгерушісінің орынбасары, 1987–2002 жж. – облыстық теледидар және радио хабарларын тарату жөніндегі комитетінің төрағасы қызметтерін атқарды. «Біздің Жанұя» газетінің бас редакторы.

«Құрмет белгісі» орденінің, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Облыс әкімінің «Бауырмал» сыйлығына, «Зерде» стипендиясына ие болған. «2003 жылдың үздік журналисі», «Бәйдібек ауданының Құрметті азаматы», Қазақстанның Құрметті журналисі.

2008 жылдан Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының Оңтүстік Қазақстан аймақтық филиалының бастығы.

Мекен-жайы: Шымкент қ., Дулати көшесі, 203А ., 301 каб.
Тел.: 8 (7252) 551116, 8-701-3564782

 

Салмұрзин Сағындық, Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының Солтүстік Қазақстан облыстық филиалының бастығы

Салмұрзин Сағындық1954 жылы 27 шілдеде Павлодар облысы Ақтоғай(бұр.Краснокутск) ауданы Шілікті ауылында тудым. 1971 жылы №1 Краснокутск орта мектебін бітірген соң, Омбы Мемлекеттік ветеринарлық институтына түсіп 1976 жылы тәмәмдадым. 2006 жылы Қарағанды Мемлекеттік университетін бітіріп, саясаттану бакалаврының үздік дипломын алдым.

Қызметті Карл Маркс атындағы совхоздың бірінші бөлімшесінде веттехник ретінде бастадым. 1977жылдан 1985жылға дейін аудандық комсомол, партия комитеттерінде қызмет атқардым. Содан кейін, Павлодар қаласында облыстық ауылшаруашылық басқармасында маман, ВАСХНИЛ шығыс бөлімінің ғылыми-зерттеу стансасында аға ғылыми қызметкері ретінде, Бүкілодақ гельминтология институтының (Москва) аспирантурасын 1992жылы сырттай бітірдім, «Арғын» (қазақ қолөнерін жандандыру мақсатында) ғылыми-зерттеу, эксперименталды-өндірістік мекеменің ұйымдастырушысы, «Жанбай» фирмасының директоры,Павлодар қалалық әкімділігінің мемлекеттік-құқық және ұйымдастыру-бақылау бөлімінің меңгерушісі лауазымын атқардым.

Солтүстік Қазақстан облысында мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министірлігінің облыс бойынша басқармасында тіл саясаты, БАҚ, әлеуметтік технологиялар бөлімдерінде бас маман болып, облыстық мемлекеттік тіл дамыту комитетінің төраға орынбасары қызметін атқардым. Садан кейін, «Асар» партиясының облыстық филиалының ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі, «Ұрпақ» қазақ мәдени-ағарту орталығы» қоғамдық бірлестігінің атқарушы директоры болып істедім. Қазіргі уақытта Дүниежүзі Қазақтарының Қауымдастығының Солтүстік Қазақстан облыстық филиалының бастығы қызметін атқарудамын.
Мен, I (Алматы) және III (Астана) Дүниежүзілік Құрылтайларға қатысып шетелде тұратын бауырлармен қарым-қатынас құруға мүмкіншілік алдым. Өзім және әріптестеріммен бірге Ресей қазақтары шоғырланған Омбы, Түмен, Қорған, Томск,Самара,Барнауыл,Москва қалаларында, сондай-ақ, облыстарындағы көптеген аудан орталығымен селоларында болып көптеген мәдени-ұлттық шараларға қатынастым. Көптеген жылдар бойы жоғарыда айтылған аймақтарда құрылған қазақ мәдени-ұлттық автономия, орталықтарға ақпараттық, әдістемелік көмек беріп, тәжірибе алмасып келеміз. Ақырғы кезде әртүрлі электрондық және баспа, кітап,музыка таспалары қорларын жинақтап шетелге шығаруды қолға алдық. Ресейдегі қазақ диаспорасының газеттерінің шығуына, мұражай материалдарын жинақтауға септік тигізіп, бауырларымыздың экономикалық, әлеуметтік, мәдени, рухани, діни және басқа өмірлік маңызды проблемаларын шешуге қатысудамыз. СҚМУ және ҚарМУ ғалымдарымен бірге Омбы,Түмен қалаларында тарихи-этнографиялық, мәдени-әлеуметтік зерттеулер өткіздік.

Шекаралас ресей облыстарындағы тұратын қазақтардың балаларына Көкшетау өңірінде жазғы демалыстарын өткізуге жәрдем беріп отырамыз. Істеліп жатқан көптеген мәдени-ағарту шаралардың нәтижесінде ресейлік баурларымыздың ризалығын көріп, алғысхаттарын алып отырамыз. Қазіргі уахытта бірлесіп жоспарлаған сан-түрлі бағдармалармен проект- жобалар әзірленуде.

Мекен-жайы: Петропавл қаласы, Қазақстан Конституциясы көшесі, 27., "Достық үйі" каб 13
Тел.: 8 (7152) 469398, 8-705-6609154, 8-707-7029031   

 

Түсіпбаев Мұрат, Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының Астана қаласы филиалының бастығы

Түсіпбаев МұратРсалдыұлы 1954 жылы Семей облысы, Жаңасемей ауданында дүниеге келген. Туған жерінен орта білім алған соң Семей малдәрігерлік институтын бітіріп, Семей облыстық ауылшаруашылық басқармасында мамандығы бойынша қызмет атқарды. 1986-2005 жылдарға дейін партия, кеңес және әкімшілік органдарында жауапты жұмыстарда болды.

2005 жылдың қыркүйек айынан бастап Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының Астана қаласындағы филиалына жетекшілік етеді.
Филиал Астана қаласында Қауымдастықтың жұмысына байланысты мәселелермен тікелей шұғылданып, мемлекеттік, қоғамдық ұйымдармен байланыстарды жолға қоюда, Қауымдастық жоспарына сәйкес Елордада ұйымдастырылатын жұмыстарды нәтижелі атқаруда аянбай еңбек етіп келеді. 

Мекен-жайы: Астана қаласы, Алматы ауданы: Манас көшесі, 57 үй
Тел.: 8 (7172) 205367, 8-701-5442142

Астана қаласы филиалының ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі: Теңізбаева Маржан 8-701-5218038, 8-701-3335544, 8 (7172) 413028, 205367

 
Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы республикалық қоғамдық бірлестігінің орталықтары

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы республикалық қоғамдық бірлестігінің Орталықтары

1. 

 
Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының үйі

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ғимараты

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ғимараты

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ғимараты 2000 жылы пайдалануға берілген. 4 қабат және жертөлесі бар. Жалпы алаңы 1836 кв м.

Жертөледе сауна мен ас дайындайтын бөлмелер орналасқан.

1-қабатында 90 орынды "Мерей" кафесі бар.
2 және 3 қабатында 36 орынды "Мерей" қонақ үйі бар. Бұдан 2 кісілік бөлме 14, 4 кісілік 2 бөлме.
4-қабатта Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының офисі орналасқан.

Шетелден келетін қазақ диаспорасы өкілдерін қабылдауға әрқашан дайынбыз. Олар алдын ала келіссе жеңілдіктер қарастырылғанын ескертеміз.

Біздің байланыс телефондарымыз:
Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы ғимаратының директоры
Серікжан Қанабеков –  8-701-3450303

"Мерей" қонақ үйінің тел.: 8 (727) 2738009
"Мерей" кафесінің тел.: 8 (727) 2738391

 


Пікірлер
Біздің сайтқа қандай баға бересіз?
Ауа райы
АСТАНА АЛМАТЫ
-22 -17