Сайт бойынша іздеу

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының сайтына қош келдіңіздер!

 
20.01.2012 17:19

«Түркістан» газеті № 3 (913) 19 қаңтар 2012 жыл. 1, 3 бет

Оралмандарды пұшайман еткен Көші-қон полициясы қырсыздығы хақында

Дүниежүзі қазақтарының IV Құрылтайында сөйлеген сөзінде Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев «...Кеңінен талқыланып, қабылданатын жаңа заң қандастарымыздың жағдайын жақсартуға септігін тигізеді деп есептеймін. Ол қандастарымыздың құжат тапсыруда, тіркеуге тұруда, азаматтық алуда кездесетін түрлі кедергілерді жоюы тиіс.

Толықтау...
 
26.01.2012 16:39

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы ұжымы Моңғолияда туған, белгілі ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор Бұқатұлы Базылханның қайтыс болуына байланысты марқұмның отбасына, туған туыстарына қатты қайғырып көңіл айтады. Марқұмның жатқан жері жаннат, иманы жолдас болсын.

 
25.01.2012 17:21

ҚР Елшілігі 2011 жылы Беларусьте тұрып жатқан қазақ диаспорасымен жұмыс жүргізуге үлкен мән береді.

Елшілік Беларусьте тұрып жатқан қазақ диаспорасымен жұмыс жүргізуге үлкен мән береді. Есеп беру кезеңінде отандастарымызды мазалайтын мәселелер бойынша Елшінің диаспора өкілдерімен тұрақты түрде кездесулері өтіп тұрды.

Толықтау...
 
25.01.2012 17:19

Қауымдастықтың 20 жылдығына орай «Шетелдегі қазақтар» атты кітап шығару мақсатында  жиын өткізілді.  Басқосуға қатысқандар: Т.Мамашев, С.Балғабаев, Б.Уатқан, Т.Нығарбайұлы, М.Шоқан, Б.Төлеген

 
25.01.2012 17:17

Қауымдастық жанындағы Өнер орталығының белсенді мүшесі, Республикалық жыр мүшайраларының жеңімпазы, ақын Ғалым Қалибек ұлы «Ақкербез»  атты жыр жинағы үшін «Алаш» халықаралық әдеби сыйлығына ие болды. Оның  бұдан бұрын «Шерлі домбыра», «Өмір-ай», «Тоқинақ» атты поэзиялық, прозалық және суретті кітаптары жарық көрген. Ғалымды құттықтай отырып, шығармашылық табыстарға жете беруіне тілектеспіз.

 
25.01.2012 17:15

Құттықтаймыз

Қауымдастықтың ғылыми орталығының жетекшісі болып тарих ғылымдарының докторы Бақыт Еженханұлы тағайындалды. Бақытты жаңа қоғамдық қызметімен құттықтаймыз!

 

 
24.01.2012 17:14

«Caspionet» телеарнасының «Атамекен» бағдарламасында Еуропа қазақтары туралы түсірілім ұйымдастырылды Онда Парижде өткен конференция туралы сөз болды. Жүргізген тілші Ерлан Біләл., қатысқандар: Ботагөз Уатқан, Тілдаш Битуова, Саттар Көсе, Фати Шанкая және студент жастар.

 
23.01.2012 17:32

Стамбул қаласындағы Қазақ Түрік қорының директоры А. Қылышқа Қауымдастықтың 20 жылдығына орай хат жолданды.

 
23.01.2012 17:30

Мамашев Талғат Асылұлы Шыңжандағы «Сен қазақ» сайтын құрушылардың бірі Ақытбек Шеризатұлын қабылдады

 
23.01.2012 17:27
Қауымдастықтың 19.12.11 № 419 хатына ҚР Білім және ғылым вице-министрі М.Сарыбековтен жауап хат келді. Онда «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығына үстіміздегі 22 шілде 5 тамыз аралығына орын бөлінетінін мәлімдеген. Осы бойынша Оразғалинова Күлмария ханыммен сөйлескенімізде барлығы 30 орын беретіндерін жеткізді.

 

 
Пікірлер
Біздің сайтқа қандай баға бересіз?
Ауа райы
АСТАНА АЛМАТЫ
-27 -5